26.10.2021, 18:41 43700

Еңбек министрлігі пандемиядан туындаған жұмыс күшіне қойылатын жаңа талаптар туралы айтты

Еңбекмині басшысының айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс күшіне қойылатын талаптардың тез өзгеруі байқалады.
НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАЗАН - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысы барысында еңбек нарығындағы өзгерістердің перспективалары және пандемиядан, жаңа демографиялық жағдайдан және басқа да факторлардан туындаған жаңа талаптар туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Еңбекмині басшысының айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс күшіне қойылатын талаптардың тез өзгеруі байқалады.
 

Сарапшылардың пікірінше алдағы 5 жылда жұмыс күшіне қажетті негізгі дағдылардың 40%-ы өзгереді, әрбір екінші қызметкерге қайта даярлаудан өту қажеттігі туындайды", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

 
Сонымен қатар, демографиялық қатерлер бар. Өнеркәсіп саласында кадрлардың қартаю процесі жүріп жатыр. Бұл салада жастардың тек 20%-ы жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта жұмыс күшінің 74%-ын "миллениалдар" және "Z" буынының өкілдері құрайтын болады.
 

Және жұмыстың жаңа форматтары. Қазіргі уақытта "еркін табыс экономикасы" немесе гиг-экономика, фрилансерлер қарқынды дамуда. Олардың қызметін заңнамалық реттеу және еңбек құқықтарын қорғау шаралар қабылдау қажет", - деп есептейді министр.

 
Осы ретте, министрлік "Кәсіптік біліктілік туралы" заң жобасы, "Әлеуметтік кодекс" жобасы шеңберінде ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, жұмыс күшін кәсіптік оқудан өтуге ынталандыру бойынша бірқатар бастамалар қолға алынды. 
 
Электронды еңбек биржасы негізінде онлайн оқу порталын дамыту, кәсіптік бағдарлау, икемді жұмыс формасындағы қызметкерлерді қолдау бойынша электронды сервистерді құру бойынша жұмыстар атқарылуда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны