12.02.2015, 15:41 3869

Экономиканы долларсыздандыру бойынша жоспар келер аптада қабылданады - ҚР Ұлттық банкі

Үкімет пен Ұлттық банктіӊ қазақстандық экономиканы долларсыздандыру бойынша бірлескен жоспары келесі аптаныӊ басында бекітіледі, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Үкімет пен Ұлттық банктіӊ қазақстандық экономиканы долларсыздандыру бойынша бірлескен жоспары келесі аптаныӊ басында бекітіледі, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазіргі уақытта жұмысты аяқтап қалдық, келесі аптаныӊ басында Үкіметпен бірге экономиканы долларсыздандыру бойынша бірлескен шаралар жоспарын бекітуді жоспарлап отырмыз" , - деді Қ.Келімбетов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ұлттық банк басшысы атап өткендей, аталған шаралар нормативтік-құқықтық базаны өзгертуді көздейді.

Сонымен қатар, Ұлттық банктіӊ мәліметінше, 2014 жылы Ұлттық банк қоры 17%-ға артқан, 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша ҰБ алтын-валюталық қор деӊгейі 28,9 млрд долларға жетті, бұл 17% өсімді көрсетеді, сондай-ақ Ұлттық қор активтері артқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны