02.09.2024, 15:34 62136

Елімізде инфляция төмендесе де тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қымбаттауды

Елімізде инфляция төмендесе де тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қымбаттауды
2024 жылғы тамызда айлық инфляция деңгейі баяулап, 0,6% құрады (ағымдағы жылғы шілдеде - 0,7%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 0,8% өсті. Азық-түлік тауарларының баға индексі 100% құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросынан.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында су бұру тарифі 1,6%, суық суға 0,9% өсті. Қалалық автобуспен жол жүру - 9,3%, такси 1,8% қымбаттады. Бағаның өсуі тұрғын үйді жалға беруде байқалды - 1,4%.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде тамыз айында оқушылардың рюкзагына баға 4,7% өсті, балалар киіміне - 1,8%, балалар аяқ киіміне - 1,3%, кеңсе тауарларына - 1,1%. Баллондағы сұйық газ 1,7% қымбаттады.

Азық-түліктен апельсинге баға - 4,2%, күнбағыс майы мен қырыққабатқа - 2,2%, пиязға 1,9% өсті. Бағаның төмендеуі жүзімге - 10%, тәтті бұрышқа - 8,6%, қызанаққа - 7,8%, қиярға - 6,1%, қарақұмық жармасына - 3,6%, қызылшаға 3,2% белгіленді.

Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарлары бойынша ең жоғары өсім Абай облысында - 0,6%, азық-түлік емес тауарларда - Түркістан облысында 1,7%, ақылы қызметтер бойынша - Алматы қаласында 2,2%.

2024 жылғы тамызда жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,4% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы 13,6%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы - 7,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,5% өсті.

2023 жылғы тамызымен салыстырғанда тарифтер орталықтан жылытуға - 33%, қоқыс шығаруға - 23,5%, су бұруға - 22,9%, электр энергиясына - 22,8%, суық суға - 21,9%, ыстық суға 20,2% өсті. Денсаулық сақтау қызметтері - 12%, байланыс қызметтері 14,9% қымбаттады. Ацетилсалицил қышқылының бағасы - 58,5%, белсендірілген көмірге - 30,4%, хилак фортеге - 24,3%, парацетамолға 20,1% өсті. Банан - 28,3%, қызанақ - 24,9%, қияр, зәйтүн майы 21,6% жүзім 21,2% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат - 27,6%, қарақұмық жармасы - 23,4%, күнбағыс майы - 17,2%, пияз 14,2% арзандады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары - барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 42,0%, азық-түлік емес тауарлар - 29,8%, ақылы қызметтер 28,2% құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны