10.04.2023, 09:44 21841

Елорда тұрғындарынан электр қуаты үшін артық төлемдер алынды: прокуратура тексеруді бастады

Елорда тұрғындарынан электр қуаты үшін артық төлемдер алынды: прокуратура тексеруді бастады
"Астана-АЭК" АҚ электр энергиясының көлемін қайта бөлді

Астана. 10 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ағымдағы жылы әлеуметтік желілерде елорда тұрғындарынан электр энергиясы үшін артық төлемдерді алу туралы жарияланымдар жиілеп кетті. Бұл мәселе қала прокуратурасында уәкілетті органдардың, әкімдіктің және қызмет көрсетушілердің ("Астана-АЭК" АҚ және "Астанаэнергосбыт" ЖШС) қатысуымен талқыланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымнан деректерді қабылдап-жинақтаудың тиісінше ұйымдастырылмауына байланысты тұтынылған электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмегені анықталды. Көптеген астаналықтарға орташа тәуліктік көлемді есептеген. Осылайша есептеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес абонент нақты қабылдаған энергия мөлшері үшін энергия төлемін жүргізу туралы Азаматтық кодекстің 488-бабының талаптары бұзылған. Нәтижесінде қала тұрғындарына үлкен мөлшерде есепшоттар келген. Мән-жайды анықтау үшін азаматтар "Астана-АЭК" АҚ мен "Астанаэнергосбыт" ЖШС-нің "табалдырықтарын тоздыруға" мәжбүр болған. Шектелмеген адамдар тобы құқықтарының бұзылуын ескере отырып, қала прокуратурасы Бас прокуратура арқылы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қадағалау актісін енгізді", - деп хабарлады прокуратура.


Уәкілетті орган электр энергиясы үшін негізсіз есептеуге жол берген субъектілерге тексеру жүргізу туралы мәселені қарауы қажет. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Заңда көзделген ден қою шараларын қабылдайды.

Қазіргі уақытта "Астана-АЭК" АҚ бірнеше он мыңдаған абоненттерге электр энергиясының көлемін қайта бөлді. Есептеулерді түзету жұмыстары жалғасуда және ол прокуратураның бақылауында", - деп атап өтті ведомствода.


Сондай-ақ электр энергиясы үшін артық төлемдер бөлігінде тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар мен ұйымдар Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі қалалық департаментке өздігінен жүгіне алады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны