12.01.2023, 10:08 39216

Энергетика министрі бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесіне толықтырулар енгізді

Бұйрық 2023 жылғы 10 қаңтарда қолданысқа енгізілді
Энергетика министрі бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесіне толықтырулар енгізді
Астана. 12 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі.
 
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, делінген құжатта.
 
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі:
 
1. Аи-80 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.
 
2. Аи-92 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.
 
3. Аи-93 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.
 
4. Дизель отыны (жазғы, маусымаралық), бөлшек саудада өткізу.
 
Мынадай маркалы бензиннің шекті бағасы бұрынғы деңгейде қалады: Аи-80 - 89 теңге литріне, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 187 теңгені, Қазақстанның басқа облыстарында литріне 182 теңгені құрайды.
 
Дизель отынына: Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде - аймаққа байланысты литріне 230-260 теңге бағамен күніне 100 литр көлемінде, ал жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде тәулігіне бекітілген лимит литріне 300 литрді құрайды бағасы аймаққа байланысты литріне 230-260 теңге.
 
Қалған санаттағы адамдар, сондай-ақ көрсетілген лимиттерден жоғары дизель отыны литріне 450 теңгеден босатылады.
 
Бұйрық 2023 жылдың 10 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны