06.02.2007, 12:22 3989

Энергетика және минералды ресурстар министрі мен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанның мұнай тасымалдау жүйесінің дамуы туралы мәселені талқылады

АСТАНА. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен АҚШ мемлекеттік хатшысының экономика, энергетика және бизнес жөніндегі көмекшісі Дэниел Салливан Қазақстанның мұнай тасымалдау жүйесінің дамуы туралы мәселені талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Б.Ізмұхамбетов мұнайгаз саласындағы ағымдағы ахуал, Қазақстан-АҚШ-Ресей үш жақты ынтымақтастығының келешегі мен проблемалары туралы талқылады.

Кездесу барысында тараптар Транскаспий мұнай- және газ құбырының әлеуеті, Қазақстанның каспий транспорттық жүйесі, Каспий құбыр консорциумының жұмысы, Қазақстаннан Қытайға бағытталатын мұнай- және газ құбырлары, Қазақстан мен АҚШ арасындағы мұнайгаз саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны