08.12.2006, 16:45 2968

Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Алматы аймақтық қаржы орталығын құру идеясын жоғары бағалады

АСТАНА. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today. Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) президенті Жан Лемьер Алматыда аймақтық қаржы орталығын (ААҚО) құру идеясын жоғары бағалады. Ол бұл туралы Астанадағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің жалпы отырысының аяқталуынга орай бүгін өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ж.Лемьер: "біз бұл идеяны өте құптаймыз. Бұл ілгерлеушіліктің қозғаушы күші болып табылатын және шетелдік инвесторларды тартатын өте мықты идея", - деді. Оның пікірінше Қазақстанда жұмыс істейтін қаржы орталығын құру үшін, "Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де мойындалатындай банк саласын қадағалаудың жетілген жүйесі болу қажет".

Сондай-ақ, Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы "Қазақстанда лаңкестікпен күрес және заңсыз жолмен тапқан ақшаны заңдастырып алумен күрес саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру қажеттігін" атап көрсетті. Ж.Лемьердің пікірінше, сондай-ақ, "қаржылық қызмет көрсетудің сапасын мейлінше көтеруге бағытталған қуатты тұжырымдама қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны