Система Orphus

I тоқсанда ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті

12.04.2021 14932
НҰР-СҰЛТАН. 12 СӘУІР - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша оң және тұрақты динамика ҚР экономикасының нақты секторында байқалды. Өсім өңдеу өнеркәсібінде (+7,5%), құрылыста (+13,1%) және ауыл шаруашылығында (+2,8%) байқалды. 
 
Оң өсім қарқыны машина жасауда (+21,8%), оның ішінде автомобиль жасауда (+20,7%); фармацевтикада (+9,1%); химия өнеркәсібінде (+14,2%); түсті металдар өндірісін (+3,4%) қоса алғанда металлургияда (+2,3%); жеңіл өнеркәсіпте (+3,1%), оның ішінде киім өндірісінде (+25,8%), сондай-ақ азық-түлік өнімдері өндірісінде (+3,3%) байқалады. 
 
Премьер-Министр 2021 жылғы 1 сәуірде ОПЕК+ 15 министрлік кездесуі өткенін, онда Қазақстан үшін мұнайды тәулігіне өндіруді тағы 6 мың баррельге ұлғайтуды көздейтін жекелеген шарттар келісілгенін атап өтті. Осыған орай, жыл қорытындысы бойынша мұнай өндіру саласында оң динамика қамтамасыз етіледі. 
 
Отын-энергетика секторында өсім электр энергиясын өндіруде (+4,4%) және көмір өндіруде (+1%) байқалды. 
 
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі тау-кен өндірісін есепке алмағанда 34%-ды құрады. 
 
Шектеу шаралары қызмет көрсету секторының дамуын тежеуде. Сонымен қатар ақпарат және байланыс саласында жоғары өсу қарқыны байқалады (+9,9%).
 

Жалпы алғанда, біз экономиканың негізгі салаларындағы көрсеткіштердің біртіндеп жақсару үрдісін көріп отырмыз. Экономикалық белсенділікті арттыру үшін қосымша жағдайлар жасау мақсатында Үкімет бизнесті қолдау бойынша кешенді шараларды іске асыру арқылы жұмысты жалғастырады", — деді А. Мамин. 

 
Биылғы бірінші тоқсан қорытындылары бойынша 7 негізгі көрсеткіштің ішінде алтауы бойынша Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалады. 5 көрсеткіш бойынша Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы өсім көрсетті. Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 4 көрсеткіш бойынша оң динамика байқалады. 
 
Премьер-Министр Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің жауапты орынбасарларына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бергені үшін қатаң сөгіс жариялауды тапсырды. 
 

Жалпы, Қазақстан экономикасы жаһандық экономикалық дағдарыстың елеулі әсеріне қарамастан, негізгі көрсеткіштердің біртіндеп қалпына келуін көрсетіп отыр", — деді А. Мамин.

 
Үкімет басшысы өңірлердің әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшыларына әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуді және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны