03.08.2022, 16:49 7606

Алматы ICCA халықаралық туристік қауымдастығына кірді

Қауымдастыққа кіру әртүрлі туристік ұйымдармен – ICCA мүшелерімен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Алматы ICCA халықаралық туристік қауымдастығына кірді
АЛМАТЫ. 3 ТАМЫЗ - 1 тамызынан бастап Алматы қаласы ICCA халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының мүшесі болды (International Congress & Convention Association), деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мамандардың айтуынша, ICCA-ға мүшелік Алматыдағы MICE-туризмді (іскерлік) халықаралық аренада дамыту жоспарының бір бөлігі болып табылады.
 

Қауымдастыққа кіру әртүрлі туристік ұйымдармен – ICCA мүшелерімен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Біз қалаға сапалы жаңа туристерді тартуға және ұстап қалуға ниеттіміз", - деді "Алматының туристік ақпараттық орталығы" ЖШС директоры Едіге Марғұлан.

 
MICE-туризм нарығының әлемдік көлемі 7,5% жылдық өсіммен $725 млрд-қа бағаланады. Алматыда жылына 20 халықаралық деңгейдегі іскерлік іс-шара өткізу жоспарда бар.
 
ICCA мүшелері - 88 түрлі елдегі 950 қала. ICCA рейтингіне сәйкес, Қазақстан MICE-туризм бойынша әлемде 79-шы орында (2020).
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны