Инвестициялар тарту мақсатында ынталандыру шаралары қарастырылуда
Астана. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today - Инвестициялар тарту мақсатында ынталандыру шаралары қарастырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
Шетелден инвестициялар тартуға жағдай жасау мақсатында ынталандыру шаралары қарастырылуда, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Сыртқы істер министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бірлескен отырысында.
Астанада сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов пен индустрия министрі Исет Исекешевтің жетекшілігімен өткен Сыртқы істер министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бірлескен кеңесінде шетелдік тікелей инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда Қазақстанның басымдықты экономикалық серіктестерінің қатарына кіріп отырған 20 мемлекеттен тікелей шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі нақты тетіктер жасалып отыр.
"Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов кеңесте сөйлеген сөзінде, инвестициялар тартуға қажетті жағдайлар жасау мақсатында елімізде ынталандыру шаралары қарастырылып отырғанын, атап айтқанда, Қазақстанның бизнес жүргізуге және инвестиция тартуға жайлы ел екендігімен жұртшылықты кеңінен таныстыру, инвесторлар үшін жеңілдіктер қарастыру, фискалдық, қаржылық және қаржылық емес тетіктер арқылы шетелдік компанияларға арнайы жағдайлар жасау сияқты шаралар қарастырылып жатқанын атап көрсетті",- деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ министр, экономикалық дипломатия міндеттерін іске асыруда құрметті консулдар институты үлкен маңызға ие екенін атап көрсетті, бизнес-элита өкілдері ретінде олардың жергілікті билік органдарымен және іскерлік топтармен байланыстары кең екенін айтты.
"Елбасының шетелдік сапарларының аясында ынтымақтастық туралы және инвестициялар тарту туралы келісімдерге қол қоюға әзірлік барысында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен оның шетелдік мекемелерінің жұмысы ерекше маңызға ие болады",- деді Қазыханов өз сөзінде.
Министр өз сөзінде сондай-ақ, арнайы өкіл қызметін енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды.
Бұл ретте министр Е. Қазыханов АҚШ пен Ресей тәжірибелерін алға тартты. Бұдан бөлек, сыртқы саясат ведомствосының басшысы бейіндік департаменттің жұмысын күшейтіп, оған мемлекеттік органдар мен өңірлер бойынша сыртқы экономикалық байланыстарды үйлестіру жұмыстарын да жүктеді.
"Бұл бағытта ешқандай да немқұрайлылық, бюрократиялық енжарлық та, селқостық та болмауы шарт. Шетелдік мекемелеріміздің жұмысындағы экономикалық дипломатияда ешқандай шеткері аймақ болмауы керек. Олар Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестиция ағындарын әртараптандыруды қамтамасыз етулері қажет", - деп атап өтті министр өз сөзінде.
Кеңесте сондай-ақ индустрия және жаңа технологиялар министрі И.Исекешев, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сабыр Есімбеков, сондай-ақ Қазақстанның шетелдердегі мекемелерінің өкілдері сөз сөйледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Шымкент қаласы мен Түркістан облысында бизнес үшін электр энергиясының тарифтері төмендетілді
Энергопоток" ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғалары үшін электр энергиясына тарифті 42,23 теңгеден 37,00 теңге/кВтсағ-қа дейін яғни 12,4%-ға төмендету туралы өтінішін жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлттық Банк мамыр айында Ұлттық қордан 850 млн долларға дейін сатуды жоспарлап отыр
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын $2 млрд-қа дейін ұлғайтуға ниетті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Сингапур Қазақстан экономикасына 1,4 млрд астам инвестиция салды
Біз - уақыт сынынан өткен сенімді серіктеспіз. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз", - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Ауғанстанға отандық автокөліктерді экспорттауға мүдделі
Біз химия өнеркәсібіндегі, тау-кен металлургия кешеніндегі өндірісті бірлесіп дамытуды, Ауғанстан аумағында қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, ИТ-технологияр саласында, өндіру және өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылды қарастыруды ұсынамыз. Қазақстан тарапы Ауғанстанда автокөліктерге қызмет көрсететін дилерлік орталықтардың орналасу орнын кейіннен анықтай отырып, отандық өндірістің автомобильдерін жеткізуге мүдделі", - деді Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн экспортын арттыру үшін Бейнеу терминалының қуатын пайдалануды жоспарлап отыр
Бүгінде Қазақстан Ауғанстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Сіздердің елдеріңіз қазақстандық астық пен ұнды дәстүрлі түрде импорттап келеді. Қазақстан бұл тауарларды Ауған нарығына сенімді жеткізуші болды және болып қала береді", - деді Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан трансауған темір жол құрылысына қатысуға дайын
Бүгінде Қазақстаннан Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан арқылы және одан әрі теңіз арқылы БАӘ-дегі Джебель-Али портына дейін жаңа мультимодальды экспорттық бағыттарды ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба басталды. Жаңа бағыт KTZ Express-тің қатысуымен ұйымдастырылды. Экспорттаушы - қазақстандық Bio Synergy co, жүктерді жеткізу бойынша серіктес - пәкістандық National Logistics Cell (NLC). Қазіргі уақытта Павлодар облысында жүк тиеу басталды. Бұл - алюминий силикатты қуыс микросфера. Алматыда жүк контейнерлерге тиеліп, пәкістандық серіктес машиналарына ауыстырылады. Әрі қарай автокөлікпен Өзбекстан мен Ауғанстан арқылы Пәкістанның Карачи портына дейін жеткізіледі. Ол жерден екі контейнер теңіз арқылы БАӘ-дегі Джебель-Али портына дейін жөнелтіледі", - деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
02.05.2024, 16:37Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті 02.05.2024, 12:14 118346Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 16:34 116856Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды02.05.2024, 15:49 114841Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 114581"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады
24.04.2024, 18:17 156311Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 154576Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 151576Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады18.04.2024, 11:47 143921ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды24.04.2024, 18:19 130651Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады