23.03.2022, 15:07 26251

КҚК апаты: ҚР Энергетика министрлігі баламалы бағыттар бойынша мұнай тасымалдау мүмкіндігін пысықтауда

КҚК апаты: ҚР Энергетика министрлігі баламалы бағыттар бойынша мұнай тасымалдау мүмкіндігін пысықтауда
Сурет: cpc.ru
НҰР-СҰЛТАН. 23 НАУРЫЗ - Дауылдан кейін Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалының шығару айлақтық құрылғыларында орын алған зақымдануларға байланысты Қазақстан Энергетика министрлігі баламалы бағыттар бойынша мұнай тасымалдау мүмкіндігін пысықтауда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі КҚК-мен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізуде, бұл ретте баламалы бағыттар бойынша мұнайды экспортқа жөнелтуді ұлғайту мүмкіндіктері пысықталуда", - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінде.

 
Синоптиктердің хабарлауынша Новороссийскте қатты дауыл өтіп, желдің жылдамдығы 35 м/с-қа дейін жетті, бұл Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалының жұмысына әсер етті.
 
2022 жылғы 22 наурыздағы КҚК ақпаратына сәйкес кезектен тыс инспекцияның қорытындысы бойынша 3 - шығару айлақтық құрылғысының (ШАҚ) жүзбелі шлангілерінің бірінің күштік қаңқасының ығысуы түріндегі зақымдануы, сондай-ақ ШАҚ-2 ішкі жеңінің шлангілерінің зақымдануы анықталды.
 
Осыған байланысты КҚК-мы жуу және жөндеу жүргізу үшін көрсетілген ШАҚ-ты пайдаланудан уақытша шығару туралы шешім қабылдады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны