14.04.2023, 15:54 42426

КҚК мұнай айдауды қайта бастады

КҚК мұнай айдауды қайта бастады
Сурет: cpc.ru
Мұнай құбырының әртүрлі жүйелеріне, мұнай айдау станцияларына және теңіз терминалына регламенттік техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ консорциумның ағымдағы және күрделі жобалары бойынша жұмыстар жүргізілді

Ақтау. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Теңіз - Новосібір мұнай құбырында 72 сағаттық жоспарлы іркілістен кейін мұнай айдау қайта жанданды. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының сайты хабарлайды.

Көрсетілген кезеңде мұнай құбырының әртүрлі жүйелеріне, мұнай айдау станцияларына және теңіз терминалына (механикалық-технологиялық жабдықтар, энергетикалық және электр жабдықтары, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жүйелері, басқару жүйелері) регламенттік техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ консорциумның ағымдағы және күрделі жобалары бойынша жұмыстар жүргізілді. Ол жұмыстарды сорғы станциялар мен мұнай құбырларын тоқтатқанда ғана орындауға болады", - деп жазылған ресми сайтта.


Құбырдың Қазақстандағы бөлігінде мұнай айдау тоқтатылған кезеңде "Теңіз" мұнай айдау стансасында өрт пен газ анықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ "Атырау" мұнай айдау стансасында электрмен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға байланысты жұмыстар орындалды. Құбырдың өткізу қабілеті тар тұстарын кеңейту жобасының аясында әрқайсысы 20 мың м3 көлеміндегі екі жаңа резервуар салу жобасы қолға алынып отыр. Бұл резервуарларды 2023 жылы іске қосу жоспарланған.

Құбырдың жұмысындағы жоспарлы іркілістер жылына бірнеше рет жүргізіледі. Каспий құбыр консорциумы мұнай құбырының жұмысын тоқтату туралы мәліметтерді сарапшылар мен қоғамға алдын ала хабарламайды. Бұл қауіпсіздік мақсатымен және құбырды сырттан кесу тәуекелімен байланысты", - делінген консорциумның баспасөз қызметінің мәліметінде.


Қазіргі таңда теңіз терминалында мұнай жөнелту штаттық режимде жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, кеше КҚК теңіз терминалында мұнай айдауды жоспарлы тоқтату жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны