22.04.2014, 20:22 3112

Қазақстан 2013 жылдың шілдесінен бері 5 млн тоннадан астам бидайды экспортқа шығарды

Осы маркетингтік жылда бидай экспорты 9 млн тонна деңгейінде болады деп жоспарлаудамыз. Демек экспорт көлемі өткен жылдан 26%-ға жоғары болмақ.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстан 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап 2014 жылдың 1 ақпан аралығында 5,3 млн. тонна бидайды экспортқа шығарды, деді Ауыл шарушалығы министрі Асылжан Мамытбеков ведомствоның кеңейтілген отырысында.

"Осы маркетингтік жылда бидай экспорты 9 млн тонна деңгейінде болады деп жоспарлаудамыз. Демек экспорт көлемі өткен жылдан 26%-ға жоғары болмақ. Осы маркетингті жылдың басынан бастап (2013 жылдың 1 шілдесіне бастап 2014 жылдың 1 ақпан аралығында) 5,3 млн. тонн бидай экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкесінші кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артық", - деді А. Мамытбеков.

Ведомство басшысы атап өткендей, 2013 жылдың қазанынан бастап ай сайын 1 млн тоннадан астам бидай мен ұнның бидайдай баламасы сыртқы саудаға шығарылуда.

Ол өткен маусыммен салыстырғанда 33%-ға жоғары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны