20.09.2011, 16:00 3784

Қазақстан мұнай өнімдеріне салынатын экспортық баж салығын өсірді

Үкімет қаулысына премьер-министр Кәрім Мәсімов 5 қырқүйекте қол қойды. Құжат сенбі, 17 қырқүйекте жарияланды.

Астана. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мұнай өнімдеріне салынатын экспортық баж салығын өсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: "Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен) - 40; 143,54; 95,69; 95,69; 95,69", - делінген ресми баспасөзде жарияланған қаулыда.

Үкімет қаулысына премьер-министр Кәрім Мәсімов 5 қырқүйекте қол қойды. Құжат сенбі, 17 қырқүйекте жарияланды.

"Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

Осылайша, 27 қырқүйектен бастап ақшыл мұнай өнімдерінің экспортына кедендік баж салығының мөлшерлемесі тоннасы үшін $143,54, қара мұнай өнімдеріне тоннасы үшін $95,69 көлемінде белгіленді.

Шикі мұнайға ЭКС тоннасы үшін $40 деңгейінде сақталды.

Бұрын хабарланғандай, мұнайға және мұнай өнімдеріне ЭКС 2010 жылдың тамызында енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны