21.02.2012, 16:31 4021

Қазақстан толлинг шарты негізінде 2 млн тоннаға дейін мұнай өңдейтін мүмкіндігі бар

Толлингтік операциялар үшін мұнайдың әлеуеттік көлемі 2 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан толлинг шарты негізінде 2 млн тоннаға дейін мұнай өңдейтін мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, толлингтік операциялар үшін мұнайдың әлеуеттік көлемі 2 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

"Біздің мүмкіндігіміз -14,2 млн тонна . Біздің зауыттар күштегенде 14,2 млн тонна өңдей алады. Одан артық өңдей алмайды. 14,2 млн тоннаның ішінен барлық осы ашық мұнай өнімдерін алған соң , бізге тағы 1,6 млн тонна ашық мұнай өнімдері керек. Біз не істесек те, зауыттарды қайта құрастырмайынша оны шығара алмаймыз. Ирине, 1,6 млн тонна үшін шығарылым әр түрлі болуы ықтимал, шартты түрде алар болсақ, шығарылым 70-80% болса, қайта есептегенде ол 2 млн тоннадан сәл асады", деді ол сейсенбіде Астанада журналистерге.

"Сол 1,6 млн тоннаның экономикалық тұрғыдан қайдан әкеленетіндігін қарау керек. Қазір сол 1,6 млн тонна іс жүзінде Ресейден ғана әкелініп отыр. Экономикалық тұрғыдан РФ-нан бұл 1,6 млн тоннаны әкелу орынсыз болса, онда бұл 1,6 млн тонна біздің зауыттардың қайта құрылуы аяқталғанша мәселен толлинг жөніндегі операциялар шеңберінде өңделуге тиіс", деді ол.

"Толлинг тек Қытаймен ғана емес,Изірбайжан,Түркменстан, мүмкін Rompetrol арада болуы ықтимал. Санау керек", деді министр.

Алдында С.Мыңбаев толлингтік операциялар үшін құқықтық база құру керектігін айтқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны