27.09.2018, 17:39 4079

Қазақстанда өӊделмеген ірі қара мал терісін экспорттауға шектеу қойылады

Айта кету керек, соӊғы жылдары дайын былғары өндірісін ұлғайту үрдісі байқалды. Осылайша 2015 жылмен салыстырғанда дайын былғары өндірісі 4,1 есеге ұлғайып, 2017 жылы 15,5 млн. кв. дициметрді құрады.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Премьер-министрдіӊ орынбасары Ерболат Досаевтыӊ төрағалығымен былғары кәсіпорындарын қолдауға арналған ведомствоаралық комиссияныӊ отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасыныӊ аумағынан өӊделмеген ірі қара мал терілерініӊ экспортына тыйым салуды енгізуді қарастыратын сыртқы сауда саясаты мәселелері мен халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жайы қаралды.

Бұдан бұрын отандық былғары кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етіп, жүктемелерін көбейту мақсатында Инвестициялар және даму министрлігініӊ 2016 жылдыӊ қарашасынан 2017 жылдыӊ сәуір айына дейін Қазақстан Республикасынан тысқары жерге өӊделмеген ірі қара мал терісін шығармау жөніндегі бұйрығы шыққан болатын. Бұл нақты кәсіпорындардыӊ оӊ нәтижелерін көрсетті.

Шектеу қойылған уақытта былғары кәсіпорындарыныӊ қызметі қалпына келе бастады. Өндіріс қуаты мен аталмыш саланыӊ отандық өндірістегі тиімділігі артты. Қазақстандық кәсіпорындар ірі қара мал терісін өӊдегенде мынадай өнімдер шығарады: жартылай былғары фабрикаты (wet blue, боялған былғары қабаты) және дайын өнім (былғарыаяқ киім, жиһаз, киім, галантерея, ер-тұрман).

Айта кету керек, соӊғы жылдары дайын былғары өндірісін ұлғайту үрдісі байқалды. Осылайша 2015 жылмен салыстырғанда дайын былғары өндірісі 4,1 есеге ұлғайып, 2017 жылы 15,5 млн. кв. дициметрді құрады.

Мұндай оӊ динамика экспортта да байқалып отыр. Яғни2017 жылы иленгентеріэкспортыныӊкөлемі2015 жылменсалыстырғанда 91%-ғаартып, 164,9 мыӊтоннадан ($ 506,7 мыӊ) 315,8 тоннаға ($ 803,3 мыӊ) дейінөсті. Иленген терілердіӊ орташа экспорттық бағасы жартылай фабрикаттар бағасынан 4 есежоғары.

Дайын өнімніӊ негізгі тұтынушылары Қазақстанныӊ аяқ киім, тігін фабрикалары, ателье, былғары-галантерея, ер-тұрман цехтары және Ресей мен Түркияныӊ аяқ киім фабрикалары. Былғарыжартылайфабрикатынөткізу нарығы - Италия, Түркия, Индия, Қытай, Ресей, Испания, Португалия.

Киім, аяқкиім, галантерея өнімдерінөндіру үшін шағын және орта бизнес кәсіпорындарын отандық шикізатпен толық қамтамасыз ету қажет. Сонда біздіӊ өнімдер импорттық өнімдермен бәсекелесе алатын болады. Сондай-ақ, бұл болашақта отандық жеӊіл өнеркәсіптіӊ дамуына серпін береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны