27.01.2010, 13:58 3385

Қазақстанның қаржылық жүйесіндегі тәуекелдер әзірге сақталып отыр - Қаржылық бақылау агенттігі

Бұл жерде бірнеше себеп бар. Ең алдымен, мен ағымдағы кезеңде сақталатын біршама жоғары несиелік тәуекелді атар едім. Екінші факторға банктердің балансында бірінші кезекте жылжымайтын мүлікке байланысты жобалар бойынша проблемалы несие алушыларға қатысы бар шығындардың анықталып көрсетілу мүмкіндігін жатқызуға болады. Ал үшінші себеп ретінде тұрақты әрі ұзақ мерзімді қор жасау көздерінің, бірінші кезекте ұлттық валютадағы көздердің жоқтығын атауға болады.

Алматы. 27 января. Kazakhstan Today - Қазақстанның қаржылық жүйесіндегі тәуекелдер әзірге сақталып отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылы Қазақстанның қаржылық жүйесіндегі тәуекелдер әзірге сақталып отыр", - деді Е. Бахмутова.

"Бірінші кезекте экономиканы несиелендіру көлемінің өсу мүмкіндігін біз ағымдағы жылы асқан байыптылықпен бағалап отырмыз. Бұл жерде бірнеше себеп бар. Ең алдымен, мен ағымдағы кезеңде сақталатын біршама жоғары несиелік тәуекелді атар едім. Екінші факторға банктердің балансында бірінші кезекте жылжымайтын мүлікке байланысты жобалар бойынша проблемалы несие алушыларға қатысы бар шығындардың анықталып көрсетілу мүмкіндігін жатқызуға болады. Ал үшінші себеп ретінде тұрақты әрі ұзақ мерзімді қор жасау көздерінің, бірінші кезекте ұлттық валютадағы көздердің жоқтығын атауға болады", - деді ол.

Қаржылық бақылау агенттігі төрайымының айтуынша, "өткен жыл еліміздің экономикасы мен қаржылық жүйесі үшін оңайға түскен жоқ, дегенмен, жалпы алғанда үкімет пен реттеуші органдар тарапынан жүйені тұрақтандыруға жасалған шаралардың лайықты болғанын атап өту керек".

Оның айтуынша, "оң экономикалық өсім, Жалпы ішкі өнімнің өсімі, банктердің несиелік қоржынының жалпы тұрақтылығы, жұмыспен қамтуға мән беруге бағытталған ауқымды бағдарламалардың арқасында тұтынушылық сұраныстың айтарлықтай төмендеп кетуіне жол бермеу" секілді оңды тұстарды да атап өту қажет. "Ең бастысы - клиенттер мен салымшылардың банк секторына деген сенімді жоғалтып алмай, сақтап қалу. Оған дәлел ретінде өткен жылы жеке тұлғалардың депозиттерінің өсімі 29%-дан асқанын айтуға болады", - деді Е. Бахмутова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны