08.06.2011, 14:58 3924

KEGOC "Самұрық-Қазына" ҰИҚ-на 2010 жылғы дивидендерді төлейді

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" АҚ 2010 жылдың дивиденділерін 869 миллион теңге көлемінде акцияларының жалғыз иеленушісі - "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ға төлейді. Ұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлаған.

Алматы. 8 - маусым. Kazakhstan Today - KEGOC "Самұрық-Қазына" ҰИҚ-на 2010 жылғы дивидендерді төлейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" АҚ 2010 жылдың дивиденділерін 869 миллион теңге көлемінде акцияларының жалғыз иеленушісі - "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ға төлейді. Ұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлаған.

2011 жылдың 26 мамырында "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқармасының шешімімен "KEGOC" АҚ-ның 2010 жылғы қаржылық есептілігі бекітілді. Осы есепті бұдан бұрын тәуелсіз аудитор - "Делойт" ЖШС аудиторлық компаниясы растаған болатын.

Жылдық қаржылық есептілікке сәйкес "KEGOC" АҚ-ның жиынтық активі 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 180,36 млрд теңгені құрады, ал 2009 жылғы 31 желтоқсанда бұл көрсеткіш 176,46 мың теңгені құраған болатын, өзіндік капитал да 113,41 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Компанияның атқарған жұмысы мен көрсеткен қызметінен түскен түсім 44,408 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылғы деңгейден 36%-ға артық. Компанияның 2010 жылғы таза табысы 5,796 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткішке негізінен көрсетілген қызмет көлемінің өсуі мен бағамдық айырмада шығасының болмауынан қол жетті деуге болады.

"Таза табысты бөлу тәртібіне сәйкес осы қаржының 15% немесе 869 млн. тенгесі дивиденд төлеуге жұмсалып, 85% немесе 4,926 млрд. тенге "KEGOC" АҚ иелігінде қалып, даму мақсаттарына жұмсалмақ", - деп көрсетілген хабарламада.

Дивидендінің бір жай акцияға шаққандағы бекітілген мөлшері - 82,61 теңге.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны