03.03.2021, 21:35 20086

Келімбетов Бішкекте АХҚО-ның филиалын ашуды ұсынды

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды.
Нұр-Сұлтан. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қырғызстан президенттері "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшылары АХҚО-ның Халықаралық соты және Арбитраж орталығының, Қаржылық қызмет көрсету жұмысын реттеу жөніндегі комитеттің, Ислам қаржысы мен бизнесі жөніндегі хабтың, Жасыл қаржылар орталығының жұмысымен танысты. 
 

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов келешекте АХҚО-ның филиалын Бішкекте, ал Қырғызстанның Инвестиция тарту жөніндегі агенттігінің өкілдігін Қаржы орталығында ашуды ұсынды", - деа хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Сонымен қатар екі ел президенттеріне Экспат орталығының, АХҚО биржасының, Үздіксіз кәсіби даму бюросы мен Қаржы технологиясы хабының қызметтері туралы мәлімет берілді.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровқа Қаржы орталығының бірқатар әзірлемелері, атап айтқанда, e-Justice электронды сот төрелігінің жүйесі мен TABYS мобильді қосымшасы таныстырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны