30.01.2008, 18:39 3229

"Қырғызгаз" 2008 жылдың екінші жартысында сатылады

"Қырғызгаз" 2008 жылдың екінші жартысында сатылады

Бішкек. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан үкіметінің жоспарына сәйкес, "Қырғызгаз" ААҚ 2008 жылдың екінші жартысында жекешелендіріледі. Бұл туралы Қырғызстан премьер-министрі Игорь Чудинов кеше өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Газпром" - салмақты ұйым, ал біз еліміздің желтоқсан айындағы газ бола ма, жоқ па деген қорқыныштан ада болуынан мүдделіміз. Біз "Газпром" ақпан айында Қырғызстандағы кеніштерді барлау мен игеруге екі лицензия алады деп үміттенеміз. "Газпром" еліміздегі екі кеніште 330 млн текше метр газ өндіруді жоспарлауда. Сондай-ақ, олар Кочкоратадағы Майлуcуу-4 газ қоймасын қалпына келтіруден мүдделі", - деді Қырғызстан үкімет басшысы.

"Қырғызгаз"ААҚ Қырғызстан тұтынушыларына табиғи газ жеткізу мен солтүстікте Қазақстанның, ал оңтүстікте Өзбекстанның транзиттік газын тасымалдау қызметін көрсетеді. Қырғызстандағы табиғи газдың дәлелденген қоры 6 млрд текше метрді құрайды. Елде өндірілетін жалрпы табиғи газ көлемі жылына 30 млн текше метрді құрайды. 2010 жылы табиғи газ өндіру мөлшері 40 млн текше метрге дейін ұлғайтылады.

И. Чудиновтың айтуынша, кәсіпорын акцияларының 86% мемлекетке, 10% - әлеуметтік қорға, тағы 4% жеке тұлғаларға тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны