13.06.2017, 14:50 3850

Қызылорда облысы бюджетініӊ 2017 жылдыӊ 5 айындағы түсімдері 103,6 пайызға орындалған

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ. Көшербаевтыӊ төрағалығымен өткен мәжілісте облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындылары және 2017 жылға арналған облыс әкімініӊ іс-қимыл жоспарыныӊ орындалуы туралы мәселе қаралды. Бұл жайында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Сәуле Құлымбетова баяндады.

Қызылорда. 13 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ. Көшербаевтыӊ төрағалығымен өткен мәжілісте облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ қорытындылары және 2017 жылға арналған облыс әкімініӊ іс-қимыл жоспарыныӊ орындалуы туралы мәселе қаралды. Бұл жайында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Сәуле Құлымбетова баяндады.

- Жыл басынан бері жоспарды жүзеге асыру бойынша облыстық мекемелер тарапынан ешқандай салғырттық фактісі болған жоқ. Үстіміздегі жылдыӊ алты айында 71 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланса, оныӊ 51-і толығымен орындалған. Қалған 20 іс-шара жоспарда белгіленген уақытта бітпегенімен, жауаптылар тарапынан жүйелі жұмыс жүргізілуде. Оларды жылдыӊ екінші бөлігінде аяқтау жоспарланып отыр, - деді басқарма басшысы.

Хабарлама барысында Сәуле Ибрагимқызы 2017 жылға арналған меморандум индикаторларыныӊ 5 айда орындалу барысына тоқталды. Сонымен бірге, облыстық қаржы басқармасыныӊ басшысы Талғат Жақыпбаев күн тәртібіне қойылған бюджет қаражатын игеру мәселесіне қатысты бірқатар деректерді келтірді.

Басқарма басшысыныӊ айтуынша, облыс бюджетініӊ 2017 жылдыӊ 5 айындағы түсімдері 103,6 пайызға орындалған. Жалпы, облыстық бюджеттіӊ кірістерініӊ 673,5 млн теӊгесі табыс салығынан, 630,8 млн теӊгесі әлеуметтік салықтан, 291,8 млн теӊге меншік салығынан түскен. Ал салықтық емес түсімдерден 97,4 млн теӊге, мүлікті және жер учаскелерін сатудан 79,7 млн теӊге кіріс кірген. Облыстық бюджеттен бұрын берілген кредиттерді ертерек өтеуден түскен ақша 1,3 млрд теӊгені құраған.

Сондай-ақ, облыс тайқазанындағы шығыстар жоспары 96,9 пайызға игерілген. Сонымен қатар, мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында бөлінген қаржы да толықтай игеріліп, ел мүддесіне жұмсалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны