28.11.2017, 19:38 4331

Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданыныӊ әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіші жыл санап артып келеді

Жаӊақорғанда "Сыбаға" бағдарламасы жоспарланған межеден 2 есе артық орындалды. Биыл 744 бас сиыр алынған. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаӊақорған ауданыныӊ әкімі Ғалым Иміреев мәлімдеді.

Қызылорда. 26 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданыныӊ әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіші жыл санап артып келеді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 73332,2 млн. теӊге болды. Құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі өткен жылмен салыстырғанда 84,1 пайызға өсті. Жаӊақорғанда "Сыбаға" бағдарламасы жоспарланған межеден 2 есе артық орындалды. Биыл 744 бас сиыр алынған. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаӊақорған ауданыныӊ әкімі Ғалым Иміреев мәлімдеді.

Сонымен бірге, 9967 гектар күріштіктіӊ гектарынан 48,8% ақ маржан жиналды.

- Осы жылы негізгі дақыл күріштіӊ көлемін ұлғайтуды жоспарлап, инвестордыӊ есебінен қосымша 1800 гектар жерге күріш дақылы егіледі деп есептелген болатын. Бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылып, негізгі дақыл күріштіӊ көлемін 2 мыӊ гектарға артық орындап отырмыз. Ал, біршама жылдардан бері істен шығып қалған көптеген егіс танаптарын іске қосуға мүмкіндік жасалады", - деді аудан әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны