24.05.2013, 13:28 3726

ҚР ЖІӨ өсуі 2013 жылы 0,1%-ға төмендейді

Бұл туралы ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Ибілқасымова VI Астана экономикалық форумының "Өңірлік ықпалдастық. Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың шақырулары мен перспективалары" атты пленарлық отырыс барысында мәлім етті.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ЖІӨ өсуі 2013 жылы 0,1%-ға төмендейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Ибілқасымова VI Астана экономикалық форумының "Өңірлік ықпалдастық. Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың шақырулары мен перспективалары" атты пленарлық отырыс барысында мәлім етті.

"Біздің есептеуіміз бойынша РФ экономикасы өсуінің 2013 жылы 3,7%-дан 2,4%-ға болжанған төмендеуі Қазақстанның ЖІӨ өсуін болжанған 6% өсуден кем дегенде 0,1%-ға төмендете алады", - деді М. Ибілқасымова.

Ведомство басышысынң орынбасары атап өткендей, болжамдарды реттеу ең алдымен Ресей экономикасындағы жағдайдың нашарлауымен байланысты, ол бүгінгі таңда қазақстандық экспорттың жалпы көлемінде ең көп үлеске ие.

ЭБЖМ мәліметінше, Қазақстанның экспорты осы жылы болжанған 3,5%-дан 0,3%-ға төмендеуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны