01.07.2022, 15:59 14221

Маусым айында теңге 13%-ға әлсіреді

Маусымда сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,1 млрд АҚШ долларын құрады.
Маусым айында теңге 13%-ға әлсіреді
НҰР-СҰЛТАН. 1 ШІЛДЕ - Маусым айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ға әлсіреді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Ұлттық Банкінің ақпараты бойынша, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 115 млн АҚШ долларынан 96,4 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Маусымда сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,1 млрд АҚШ долларын құрады. 
 

Энергия тасымалдаушылардың қолайлы бағасына қарамастан, ұлттық валюта бағамы шектеулі валюта ұсынысы мен валютаға деген сұраныстың бір уақытта өсуі аясында әлсіреді. Валюта ұсынысының төмендеуі – экспорттаушылардың салық төлеу үшін валюта сатуды қысқартуына, ал сұраныстың өсуі дивиденд төлеудің басталуына байланысты болды", - деп түсіндірді сарапшылар.

 
Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті, олар шамамен 480,4 млн АҚШ долларын құрады. Маусымда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта 438,3 млн АҚШ долларына сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 20,7%-ын құрады.
 
Ведомствода маусым бойы ішкі валюта нарығында Ұлттық Банк валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырмағанын атап өтті.
 

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады", - деп толықтырды Ұлттық Банк.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны