09.03.2023, 17:22 36236

МКК банкроттықты рәсімдеу кезінде делдалдардың қызметтерін пайдаланбауға шақырылды

МКК банкроттықты рәсімдеу кезінде делдалдардың қызметтерін пайдаланбауға шақырылды
Сурет: Depositphotos
Бүгінгі таңда банкроттыққа 11 мыңнан астам қазақстандық өтініш берген

Алматы. 9 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгінгі таңда Қазақстанда соттан тыс банкроттыққа 11 177 өтініш түскен (eGov арқылы 10 462, e-Salyq Azamat арқылы 715). Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
 
Ведомствода еске салғандай, азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) келмей-ақ, электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ "e-Salyq Azamat" немесе "eGov Mobile" мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады.
 
Алайда, МКК кейбір ХҚКО-ның маңында банкроттыққа құжаттарды рәсімдеу үшін ақылы, делдалдық қызмет көрсетуді ұсынатындар жиілеп кеткенін хабарлады.
 
Мемлекеттік кірістер комитеті соттан тыс банкроттық рәсімі (қарызы 5,5 млн теңгеден аспайтын) тегін жүргізілетінін хабарлайды.
 

Банкроттық рәсімін қолдану тәртібі туралы ақысыз толық ақпарат алу үшін ХҚКО-ның операторларына немесе мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне бару қажет. Сонымен қатар, 1414 нөміріне телефон шалып, немесе Telegram чат-ботына жазу арқылы сұрақтарыңызды қоюға болады", - деп еске салды МКК.

 
Банкроттық рәсімінен өту тәртібі туралы ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған.
 
Сонымен қатар, бейненұсқаулық қолжетімді.
 
 
Естеріңізге сала кетейік, банкроттыққа өтінімдерді қабылдау Қазақстанда 3 наурызда басталған болатын.
 
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, банкроттық рәсімдерінің 3 түрі енгізілді: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
 
Соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға шешім қабылдаған борышкер мынаны білгені дұрыс:
 
  • 5 жыл бойы қарыз және микрокредит алуға тыйым салынады (ломбардтардың микрокредиттерін алуды қоспағанда);
  • қайта банкрот болу 7 жыл өткен соң ғана мүмкін болады;
  • банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайына банкроттықтан кейін 3 жыл бойы мониторинг жүргізілетін болады.
 
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай шектеулер қарастырылмаған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны