28.07.2021, 18:31 13949

МКК: электронды шот-фактураларды мобильді қосымша арқылы жазып беруге болады

"ЭШФ АЖ" қосымшасы Play Market және App Store дүкендерінде қолжетімді.
НҰР-СҰЛТАН. 28 ШІЛДЕ - ЭШФ жазып беру, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу және растауды ЭШФ ақпараттық жүйесінің тегін мобильді қосымшасында жүзеге асыруға болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінде (МКК) хабарлағандай, "ЭШФ АЖ" қосымшасы Play Market және App Store дүкендерінде қолжетімді.
 

ЭШФ жазып беру мен ТІЖ ресімдеу функционалы ЭШФ АЖ сайтында, сондай-ақ ЭШФ АЖ мобильді қосымшасында да іске асырылған. ЭШФ АЖ порталында және мобильдік қосымшада жұмыс Ұлттық куәландыру орталығының электронды-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, тегін жүзеге асыруға болады", - делінген ведомство хабарламасында.

 
ЭШФ АЖ-да жұмыс істеу үшін ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында "ЭШФ АЖ" бөлімінде нұсқаулықтар орналастырылған, онда функционалмен қалай жұмыс жасауға болатыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат бар:
 
1) ЭШФ АЖ пайдаланушыларының нұсқаулығы – https://drive.google.com/file/d/1ENt6dx6zWD3z_dY8TNgrOYnprjMCk1XV/view?usp=sharing;
 
2) мобильді қосымшамен жұмыс жасау бойынша ақпарат - https://kgd.gov.kz/ru/content/mobilnoe-prilozhenie-1.
 

ЭШФ АЖ-да жұмыс істеу кезінде туындайтын техникалық мәселелер бойынша скриншоттарды қоса бере отырып, өтініштерді ЭШФ АЖ қолдау қызметіне мына мекен-жай бойынша жіберу керек: [email protected]", - деп толықтырды МКК.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны