18.01.2017, 15:02 4739

Оӊтүстік Қазақстан облысы халқыныӊ 61 пайызы табиғи газбен қамтылған

Бүгінніӊ өзінде өӊір тұрғындарыныӊ 61 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық комуникация қызметінде өткен брифингте Облыстық Энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті.

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгінніӊ өзінде өӊір тұрғындарыныӊ 61 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық комуникация қызметінде өткен брифингте Облыстық Энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, 2016 жылы 25 елдімекендегі табиғи газ құрылысына 13,7 млрд теӊге бөлініп, толығымен игеріліпті. Нәтижесінде 300 елдімекенде тұратын 1 миллион 755 мыӊ 306 тұрғын көгілдір отынмен қамтылған. Ал, 9 жобаныӊ құрылысы жыл соӊына дейін аяқталатын болады.

Одан бөлек, 2016 жылы 47 елді мекендегі тұрғындарды облыстық бюджет есебінен табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Мұндағы жұмыстарды 2017 жылдыӊ бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Ал, биыл 79 нысанға облыстық бюджеттен 13,7 млрд теӊге бөлініпті. Егер құрылыс жұмыстары межелеген мерзімде аяқталса, 357 елдімекенде тұратын 1 миллион 855 мыӊ адам табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Яғни бұл облыс халқыныӊ 65,3 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, 2017-2020 жылдары 960 мыӊ тұрғыны бар 383 елді мекенді газдандыру жұмыстары қолға алынады. Жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда 2021 жылы облысымыздағы газдандырылған ауылдар саны 683-ке артатын болады. Нақтырақ айтсақ, 2 миллион 715 мыӊ тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді. Бұл облыс халқыныӊ 81 пайызын құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны