27.09.2016, 11:05 4587

Оӊтүстік Қазақстан облысында тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өӊдейтін зауыт ашылмақ

Айта кетейік, халықаралық инвестициялық форумы аясында Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен шетелдік және отандық компаниялар өкілдері арасында құны 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын 40-тан астам ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын.

Шымкент. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында түйе сүтін өӊдейтін жаӊа зауыт салынбақ. Бұл жоба осы жылдыӊ 28-29 сәуірінде өткен "Ontustik Invest-2016" халықаралық инвестициялық форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеӊберінде жүзеге асып отыр, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шетелдік "Golden Camel Group LTD" компаниясы өӊірде инвестиция құны 8 млрд. 30 млн. теӊгеден астам қаржы болатын түйе сүтін қайта өӊдеу жолымен қышқыл сүт өнімін өндіретін кәсіпорын салмақ. Тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өӊдеуге қауқарлы өндірістіӊ құрылысы қараша айында басталатын болады.

Түркістан қаласында бой көтеретін бұл зауыт іске қосылғанда 180 адам жұмыс орнымен қамтылады. Жаӊа заводтыӊ өнімі Қазақстанныӊ басқа өӊірлерініӊ нарықтары мен Қытай мемлекеті және Кеден одағы елдеріне экспорттау көзделуде.

Айта кетейік, халықаралық инвестициялық форумы аясында Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен шетелдік және отандық компаниялар өкілдері арасында құны 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын 40-тан астам ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын.

Бүгінде аталған жобалар кезеӊ-кезеӊімен іске асырылу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл өз кезінде облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретіні анық.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны