20.09.2007, 13:38 2871

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында ірі тас өңдеуші зауыт іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында ірі тас өңдеуші зауыт іске қосылды. Бұл туралы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Момынов хабарлады.

Шымкент. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында құрылыс материалдарын өндіруші ірі зауыт іске қосылды. Бұл туралы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Момынов хабарлады.

"Жаңа тас өңдеу зауытының өнімдері тек біздің ауданның ғана емес, сонымен бірге облыстық құрылыс ұйымдарының сұранысын да қамтамасыз ете алады", -деді әкімнің орынбасары.

"Біз үшін бұл өндірісті іске қосу аса маңызды. Өйткені, қиыршық тас пен құм секілді құрылыс материалдарына деген сұраныс біздің ауданда үлкен. Алайда, бұл кәсіпорын тек біздің ауданның ғана емес, сонымен бірге, облыстағы құрылыс ұйымдарының сұранысын да қамтамасыз етеді", - деді ол.

М. Момынов сонымен бірге тас өңдеу зауыты өз өндірісінде Келес өзенінің арнасынан алынған тастар қоспасын пайдаланатынын атап өтті. "Облыс өзендеріндегі тас қоспалары ең тиімді қоспалар. Демек, өз шикізатымыздан жасалған материалдарға деген сұраныс ауқымды. Басқа аудандарда да, әрине, карьерлер бар, бірақ, барлығы тасты біздің ауданнан сатып алғысы келеді, өйткені, біздің аудандағы қоспаны қолдана жасалған құрылыс жұмыстарының сапасы өте жоғары", - деп түсіндірді әкімнің орынбасары.

Тас өңдеу зауытына "Спецстрой" ЖШС қожалық етеді. ЖШС жетекшісі Талап Серікбаевтың айтуынша, кәсіпорын батыс стандарттарына сай келетін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Өнімділігі - тәулігіне 200 тонна. Зауыт үш ауысыммен жұмыс істейді, онда 100 жуық адам жұмыспен қамтылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны