23.12.2025, 21:59 82531
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібі мен халықаралық ахуал, соның ішінде Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қараша айында Вашингтонға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыруға ниетті екенін айтты.
Қазақстан Президенті Украина қақтығысын реттеудің күрделі сипатына назар аударды. Өйткені бұл шиеленісте территориялық келіспеушілік басты мәселеге айналып отыр. Сондықтан қазіргі нақты жағдайды ескере отырып, екі жақтың мәмілеге келуі маңызды.
Еліміз барлық тарапты төзімділік, икемділік және кәсібилік танытып, бейбітшілік формуласын іздеуді жалғастыруға шақырады. Бұл ретте Қазақстан араағайын емес, бірақ қажет болған жағдайда келіссөз алаңын ұсынуға дайын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың көшбасшылық қасиеті арқасында бірқатар халықаралық әскери қақтығыс тоқтап, АҚШ-тың ішкі әлеуетін күшейтуде оң нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Америка Президентін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Бұл екіжақты қарым-қатынастағы тарихи уақиға болатынына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.03.2026, 21:40 158406
БҰҰ АзТМЭӘК Орнықты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері Қазақстанға келді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Алматы қаласында АзТМЭӘК жанындағы Орнықты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын (ЦШО) құру бойынша жұмыс тобының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
АзТМЭӘК-тың жұмыс тобының Қазақстанға сапарының негізгі мақсаты - елдің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін зерделеу, цифрлық технологиялардың даму деңгейін бағалау, сондай-ақ Қазақстанның Орталықты орналастыруға институционалдық дайындығын талдау.
Е.Ашықбаев жобаға қатысты тұжырымдамалық негіздерді баяндап, болашақ Орталықтың стратегиялық мақсаттары мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.
Кездесу барысында Орталықты қаржыландыру және институционалдық рәсімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар болашақ Орталықтың институционалдық құрылымы, қаржылық моделі және функционалдық рөлі жөнінде жүргізілген тәуелсіз сараптамалардың нәтижелерімен бөлісті.
Жұмыс тобының төрағасы, Тимор-Лештидің Тайланд Корольдігіндегі Елшісі Франсиско Тилман Сепеда және БҰҰ АзТМЭӘК Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және апат тәуекелдерін азайту бөлімінің директоры Киёнг Ко Қазақстандағы цифрлық технологиялардың жоғары деңгейде дамығанына тоқталып, елдің цифрлық трансформация саласындағы елеулі ілгерілеуін ерекше атап өтті.
Бұл кездесу Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы цифрлық күн тәртібін жан-жақты талқылауға мүмкіндік беріп, елдің АзТМЭӘК аясындағы өңірлік бастамаларды іске асыруға үлес қосуға дайын екенін жоғары деңгейде растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 21:11 158181
Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Таяу Шығыс өңіріндегі жағдай бойынша пікір алмасылды.
Сонымен қатар, тараптар қазақ-иран ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылап, жоғары деңгейдегі келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға бейілдігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 20:25 196151
Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып келеді
Достарға айту
Бүгін Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары аясында Air Astana әуе компаниясының екі рейсі жоспарланған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жидда - Ақтау - Алматы бағыты бойынша A320 әуе кемесі (148 орын) және Жидда - Атырау - Алматы бағыты бойынша A321 әуе кемесі (184 орын) ұшып шығады.
Сондай-ақ Fly Dubai әуе компаниясының Дубай - Алматы бойынша екі рейсі, Дубай-Астана бағыттары бойынша рейстері жоспарланған (506 жолаушы).
Қазақстан азаматтарын елге тасымалдауды қамтамасыз ету жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдармен үйлестіре отырып жалғасып келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 19:41 196451
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың брифингі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Бүгінгі брифинг Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселелеріне арналған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Біз отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді салудамыз және кез келген жағдайда жан-жақты қолдау көрсетудеміз. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында зардап шеккендер немесе қаза болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Қазақстандық дипломаттар Орталық аппаратта да, өңір елдерінде де тәулік бойы жұмыс істеуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандастарға қажетті көмекті ұйымдастыру жөніндегі барлық жұмысты жедел үйлестіретін арнайы штаб құрылды.
Азаматтардан эвакуациялау үдерісін ұйымдастырудың күрделілігіне түсіністікпен қарап, Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетуді сұраймыз.
Эвакуация жұмыстары кезінде зейнеткерлерге, ата-анасымен бірге жүрген балаларға, жүкті әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және денсаулығында шектеулері бар адамдарға басымдық беріледі.
Бүгінгі таңда Иранда - 47, Израильде - 163, Қатарда - 3000-нан астам, Біріккен Араб Әмірліктерінде - 4000-нан астам, Сауд Арабиясы Корольдігінде шамамен 1800 Қазақстан азаматы бар.
Аталған елдердегі азаматтармен тұрақты түрде байланыс бар жағдайдың дамуына қарай қажетті ұсынымдар берілуде.
Министрлік уәкілетті органдармен бірлесе азаматтарымыз үшін эвакуациялық рейстерді пысықтады.
Бүгінгі күнге дейін шиеленіс аймақтарынан 946 азаматымыз шығарылды.
Жақын арада Маскат қаласынан Алматыға 314 азамат бар рейс келеді. Кейін дәл осы бағыт бойынша шамамен 230 қазақстандықты қамтитын екінші топтың ұшуы жоспарланған.
Осылайша, Оманнан елге 500-ден астам Қазақстан азаматы оралады деп күтілуде.
Сонымен қатар бүгін Джидда - Атырау және Джидда - Ақтау бағыттары бойынша эвакуациялық рейстер жоспарланған, олармен 326 азамат елге қайтарылады.
Әуе рейстерінен бөлек, қазақстандықтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Тегеран, Ашхабад және Горган қалаларындағы шетелдік мекемелер 15 азаматтың Иран-Түрікменстан шекарасы арқылы өтуін қамтамасыз етті. Одан әрі оларға Ақтауға жету үшін қажетті көмек көрсетілді.
Сонымен бірге Тегеран мен Еревандағы дипломаттар "Заркух" компаниясының қалған 35 қызметкерінің Ираннан шығуын ұйымдастырды. Олар автобуспен Иран-Армения шекарасын кесіп өтті.
Әуе кеңістігіне қойылған елеулі шектеулерге байланысты белсенді әскери іс-қимылдар тоқтап, жағдай толық қалыпқа келгенге дейін Таяу Шығыс өңір елдеріне сапарлардан бас тартуға қатаң түрде кеңес береміз.
Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқаулары мен ұсынымдарын орындауға, сондай-ақ Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтарымен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен байланыста болуға тағы да шақырамыз.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігімен тиісті елдердегі шетелдік мекемелердің ресми хабарламаларын қадағалап отырыңыздар.
Азаматтарымыздың қауіпсіз түрде елге оралу мәселесі мемлекет үшін басымдық болып қала береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 16:45 196701
Қазақстан СІМ-де бірқатар мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылданды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасындағы Мали Республикасының Елшісі Сейду Камиссоко, Гана Республикасының Елшісі Кома Стим Джеху Аппьях, Гамбия Республикасының Елшісі Алкали Фанка Конте, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Елшісі қызметін қоса атқарушы Шобини Гунасекераның және Бангладеш Халық Республикасының Елшісі Мохаммад Назрул Исламның грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан аталған мемлекеттермен Біріккен Ұлттар Ұйымы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі және басқа да халықаралық ұйымдар мен алаңдар аясында белсенді өзара іс-қимыл жасап келеді. Бұл байланыстар өзара мүдделерге негізделген орнықты қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етуде.
Осы тұрғыда екіжақты және көпжақты форматтарда ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, білім беру және медицина салаларындағы ынтымақтастық өзара қызығушылық тудырады. Сауданы әртараптандыру, көлік-логистикалық байланыстылықты дамыту, сондай-ақ энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі және цифрландыру бағыттарындағы ықпалдастықты кеңейту шаралары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 15:34 196931
Астанада ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдерімен референдумды байқау мәселелері бойынша кездесу өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Астанаға 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумды дайындау және өткізу процесін байқау мақсатында Дуглас Уэйктің жетекшілігімен келген ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ арасындағы ынтымақтастықты талқылаумен қатар, электоралдық процестің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында референдумға халықаралық байқаушылардың қатысуы маңыздылығын растады. Сындарлы диалог пен ынтымақтастық халықтың өз еркін білдіру рәсімдеріне деген сенімділіктің нығаюына ықпал ететіні аталып өтті.
Кездесу барысында Байқау миссиясының мандатына ерекше назар аударылды. Электоралдық процеске объективті баға берудің ерекше маңыздылығы аталып өтті, сондай-ақ халықаралық міндеттемелер мен ұлттық заңнама шеңберінде одан әрі өзара іс-қимылға дайындық расталды.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға және Миссияның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті қолдау көрсетуге өзара мүдделілік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 14:31 197176
Қазақ мәдениеті Үндістанда халықаралық фестивальде таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен дәстүрлі қолөнер шеберлері Үндістанда "39-шы Сураджкунд халықаралық қолөнер фестиваліне" қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Фестивальдің концерттік бағдарламасы аясында Жамбыл облыстық Кенен Әзірбаев атындағы филармонияның әртістері ұлттық дәстүрге негізделген ән мен би өнерін ұсынды.
Сонымен қатар қазақ шеберлері дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларын таныстырған қазақстандық экспозиция ұйымдастырылды. Көрме қонақтары ұлттық нақыштағы бұйымдармен танысып, дәстүрлі өнердің ерекшеліктерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Фестивальге келушілер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен жақынырақ танысып, ұлттық мәдениеттің мазмұны мен мәнін тереңірек сезінді.
Аталған мәдени іс-шара халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға және шығармашылық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал етті.
Халықаралық қолөнер фестивалі - әлем елдерінің мәдениетін, дәстүрлі қолөнері мен өнерін таныстыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын ауқымды іс-шара. Жәрмеңкеге бір миллионнан астам келуші қатысып, ерекше қолөнер бұйымдарымен, халық билерімен және түрлі мәдени бағдарламалармен танысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 14:20 371
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ақордада Қазақстан Президентіне сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сенім грамоталарын Норвегия Корольдігінің елшісі Хелена Санд Андресен, Аргентина Республикасының елшісі Энрике Игнасио Феррер Виейра, Гана Республикасының елшісі Кома Стим Джеху Аппьях, Мали Республикасының елшісі Сейду Камиссоко, Гамбия Республикасының елшісі Алкали Фанка Конте, Бангладеш Халық Республикасының елшісі Мұхаммед Назрул Ислам, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының елшісі Шобини Гунасекера, Босния және Герцеговина елшісі Иван Орлич тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.03.2026, 10:54Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады 04.03.2026, 14:31 196136Қазақ мәдениеті Үндістанда халықаралық фестивальде таныстырылды04.03.2026, 15:34 195891Астанада ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдерімен референдумды байқау мәселелері бойынша кездесу өтті04.03.2026, 16:45 195661Қазақстан СІМ-де бірқатар мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылданды04.03.2026, 19:41 195411Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың брифингі
04.03.2026, 10:54 233466Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 229716Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229196Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229191Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229151Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

