08.09.2022, 15:44 21381

Қостанай облысындағы өрт егінге әсер етті ме - АШМ-ның жауабы

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, Қостанай облысындағы өрттен дәнді дақыл егісі аздап қана зардап шекті, бұл "елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді".
Қостанай облысындағы өрт егінге әсер етті ме - АШМ-ның жауабы
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚЫРКҮЙЕК - Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, Қостанай облысындағы өрттен дәнді дақыл егісі аздап қана зардап шекті, бұл "елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді". 
 
Ведомство қазір өрт жөніндегі комиссия жұмысының түпкілікті нәтижелерін күтіп отырғанын айтты ол.
 

Қостанай облысындағы өрт кезінде, егер зардап шеккен егістіктер бар болса, аса үлкен көлемде емес. Біз қазір комиссияның соңғы нәтижелерін күтеміз, бұл азық-түлік қауіпсіздігіне ешқандай әсер етпейді", – деп сендірді Қарашөкеев.

 
Ол Қостанай облысында ғана емес, бүкіл ел аумағында бүгінгі күні егіс алқаптарының 60%-ға жуығы жиналғанын атап өтті. Сондықтан "егін жиналады, шығын болмайды", деп сендірді ол.
 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны