19.03.2020, 19:36 7857

"Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" МКК-ына қатысты әкімшілік іс қозғалды

Өз кезегінде, осы бұзушылық үшін 1600 АЕК немесе 4 251 000 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" МКК-ы қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен Қостанай қаласы тұрғындарын жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер үшін төлем ақыны есептеу заңдылығы және үйлерге реттелетін қызметтерін көрсету сапасы мәселелері бойынша "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" МКК қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Жылу энергиясымен жабдықтау жөнiндегі қызметтердi көрсетуге арналған үлгі шарттың 20 тармағының 4) және 6) тармақшаларының бұзылуы анықталды.

Аэрапорт ықшам ауданы, 19 үй мекен-жайы бойынша тұратын Қостанай қаласы тұрғындарының өтініштері негізінде жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер үшін төлем ақыны есептеуде "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" МКК әрекетінде бұзушылық анықталмады, төлемді есептеу сомасы белгіленген жылу энергиясын есептеу аспаптарының көрсеткіштерін ескере отырып, нақты көрсетілген қызметтер көлеміне сәйкес келеді.

Осылайша, жалпыүйлік және жеке есептеу құралымен жылу энергиясын жылыту алаңының нақты көлемі 4909,4 м2 бола тұра, бастапқыда 5495,55 м2 алаңына есептелуі төлем бойынша көрсетілген қызметтер үшін есептелуге жататын төлемнен кем есептеуге әкеліп соқты.

Бұл ретте, "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" МКК қайта өткізілген

құқық белгілейтін құжаттарды талдау нәтижелері бойынша осы тұтынушыларға ақшалай қаражатты қосымша есептеу немесе қайтару түрінде түзету жүргізілді, бұған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарттың 26-тармағы шеңберінде жол беріледі.

Сонымен, ауданы 33,4 м2 бір пәтер мысалында: бастапқыда 2019 жылғы қарашадан 2020 ақпанға дейінгі кезеңде 14 683,53 теңге (қараша - 3005,36 теңге, желтоқсан - 6922,78 теңге, қаңтар - 4755,39 теңге) есептелді және ақпанда әр ай үшін жалпы сомасы 1703,97 теңге, оның ішінде (қараша - 482,55 теңге, желтоқсан - 1041,58 теңге, қаңтар - 179,84 теңге) қосымша есептелді.

Барлығы 35 пәтер тұрғындарына 113 935,32 теңге қосымша есептелді, ал 70 пәтер тұрғындарына жалпы сомасы 121 771,04 теңге қайтарылды.

Сонымен қатар, қызмет қөрсетуші ұйымның (ЖК "Досмуханов Қ. Ж.") дербес тексеру нәтижелері бойынша 7 пәтердің жеке жылу энергиясын есепке алу құралдарын құрылыс салушының оларды орнату кезінде қате қосу фактісі анықталды, бұл сондай-ақ жалпы пайдалану орындарына ақы төлеуді есептеуге әсер етті.

Тұтынушыға 37 мың теңге мөлшерінде төлем шотын ұсынуға қатысты, бұл сома өткен айларда тұтынушының төленбеген берешегінің болуы нәтижесінде пайда болғаны анықталды.

Берілетін жылу энергиясының сапасы мәселесі бойынша тексеру барысында Қостанай қаласы, Гагарин көшесі, 14 және 18 үйлер мекенжайы бойынша жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне жылу энергиясын тиісті түрде бермегені анықталды, бұл үлгі шарттың 20-тармағының 6) тармақшасын бұзу болып табылады.

Сонымен, жылумен жабдықтау жүйесі үшін бекітілген температуралық кестеге сәйкес су жылу желісінің берілетін желісіндегі судың температурасы желілердің ұзындығына, климаттық жағдайларға және басқа да факторларға байланысты жылу желісінің диспетчері анықтайтын 12-24 сағат аралығындағы сыртқы ауаның орташа температурасы бойынша беріледі. Мұнда жылу желісінен кері судың орташа тәуліктік температурасының берілген кестемен 3% - ға асуына жол беріледі. Кесте бойынша кері су температурасының төмендеуі шектелмейді.

Қазгидрометтің анықтамасына сәйкес 2019 жылғы қарашадағы сыртқы ауаның орташа температурасы -6,8 ?С құрады, бұл ретте 2019-2020 жылдарға арналған температуралық кесте бойынша жылу беру 62,1 ?С құрауы тиіс, ал іс жүзінде жылу тұтыну параметрлерін есепке алу ведомосына сәйкес 2019 жылғы 01 қарашадан бастап 2019 жылғы 30 қарашаға дейін температура 59.1 ?С құрады.

Осылайша, Қостанай қаласы, Гагарин көшесі, 14 үй мекенжайы бойынша "КТЭК" МКК жылу желісіне 2019 жылғы қараша айында берілетін су температурасынан ауытқу -4,80% құрайды.

Бұл уақытта, күн бойынша жылу энергиясын беруді қарау кезінде 2019 жылғы 20 қарашада сыртқы ауа температурасы -21,7 ?С құрады, бұл ретте 2019-2020 жылдарға арналған температуралық кестеге сәйкес желілік су температурасы 78,7 ?С құрауы тиіс, ал іс жүзінде 2019 жылғы 20 қарашадағы жылу тұтыну параметрлерін есепке алу ведомосіне сәйкес температура 70,28 ?С құрады, сәйкесінше осы мекенжай бойынша ауытқу 8,42 ?С немесе 10,69% құрады.

Қазгидрометтің анықтамасына сәйкес 2018 жылдың желтоқсан айында ауаның орташа температурасы -15?С құрады, онда 2018-2019 жылдарға арналған температуралық кестеге сәйкес жылу беру 73,2 ?С құрауы тиіс болды, алайда жылу тұтыну параметрлерін есепке алу ведомосіне сәйкес ауа температурасы 2018 жылдың 01 желтоқсанынан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін 68.12 ?С құрады.

Осылайша Қостанай қаласы, Гагарин көшесі, 18 үй мекенжайы бойынша орналасқан. 2018 жылдың желтоқсан айында жылу желісіне келіп түсетін су температурасы бойынша "КТЭК" МКК ауытқуы -6% құрады.

Бұл ретте, тәулік ішіндегі ауа температурасын есепке алу кезінде 2018 жылғы 11 қарашадағы ауа температурасы -11,0 ?С құрады, бұл ретте 2018-2029 жылдарға арналған температуралық кестеге сәйкес желілік су температурасы 64,3 ?С құрауы тиіс, 2018 жылдың 11 қарашасына жылу тұтыну параметрлерін есепке алу ведомосіне сәйкес температура 62,22 ?С құрады, осылайша, осы мекенжай бойынша ауытқу 3,2% немесе 2,08 ?С құрады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде "Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы" МКК-ға қатысты Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 683-бабының 5-бөлігі шеңберінде "Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы" МКК өтінішінің негізінде жоғарыда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама Қостанай облысы Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына қарауға жіберілді.

Өз кезегінде, осы бұзушылық үшін 1600 АЕК немесе 4 251 000 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны