05.10.2022, 14:18 9731

Еркін Наурызбаев QAZAQ AIR компаниясын басқарды

Авиациядағы жұмыс тәжірибесі 17 жыл.
АСТАНА. 5 ҚАЗАН - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма шешімімен "QAZAQ AIR" АҚ Басқарма төрағасы болып Наурызбаев Еркін Әнесұлы тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "QAZAQ AIR" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұған дейін ол Басқарма мүшесі ретінде әуекомпанияда басқарушы қызметтер атқарды.
 
Айта кету керек, әуекомпанияның бүкіл тарихында Еркін Наурызбаев – "QAZAQ AIR" АҚ басқарушысы болып тағайындалған алғашқы отандық маман. Авиациядағы жұмыс тәжірибесі 17 жыл.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны