05.07.2021, 22:18 27226

QAZAQ AIR Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Балқашқа рейстерді қайта бастады

Рейстер аптасына 4 рет орындалады (дүйсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі). Билет құнына 5 кг қол жүгі және 20 кг тапсырылатын багаж кіреді, 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі.
НҰР-СҰЛТАН. 5 ШІЛДЕ - QAZAQ AIR әуекомпаниясы 8 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан - Балқаш және Алматы - Балқаш бағыттары бойынша рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY QAZAQ AIR әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Рейстер аптасына 4 рет орындалады (дүйсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі). Билет құнына 5 кг қол жүгі және 20 кг тапсырылатын багаж кіреді, 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі", - деп хабарлады әуе компанияда.

 
Билеттер сатылымда. 
 
Рейстер кестесі:
 
  • Нұр-Сұлтан (06:30) - Балқаш (07:50)
  • Балқаш (12:50) - Нұр-Сұлтан (14:20)
 
  • Алматы (10:40) - Балқаш (11:40) 
  • Балқаш (08:20) - Алматы (09:20)
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Түркиямен, Өзбекстанмен және Беларусьпен әуе рейстерінің санын көбейтеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны