04.10.2022, 15:38 9936

ҚР-да теміржол арқылы жолаушылар тасымалының көлемі 33%-ға өсті

Биыл 8 айда теміржол көлігі кәсіпорындарының кірісі 851 млрд теңгеге жетті.
АСТАНА. 4 ҚАЗАН - Биыл 8 айда теміржол көлігі кәсіпорындарының кірісі 851 млрд теңгеге жетті.
 

Биылғы қаңтар-тамызда теміржолмен тасымалдайтын компаниялардың кірісі 851 млрд теңгеге жеткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 739,6 млрд теңгені құраған еді. Кірістің басым бөлігі, яғни 786,4 млрд теңге дәстүрлі түрде жүк тасымалы есебінен қамтамасыз етілді. Қалған 64,6 млрд теңгесі жолаушы тасымалына тиесілі", - делінген Energyprom.kz мәліметінде.

 
Осы жылдың 8 айында теміржол көлігімен 273 млн тонна жүк тасымалданды.
 
Жүктің көп бөлігі Ақтөбе, Ақмола облыстарында және Астанада жеткізілген. Ел бойынша жүк айналымы 5,4 пайызға өскен.
 
Атап айтқанда, теміржол көлігімен 13,1 млн адам тасымалданып, бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 32,6 пайызға артық болды. Өңірлер бойынша жолаушылар көбіне елордада, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында сапарлаған.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны