ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар жыл басынан бері 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті
НҰР-СҰЛТАН. 30 ҚАРАША - Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына және "Nur Otan" партиясының бағдарламасына сәйкес, Үкімет алдына 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібі өндірісін 1,5 есеге ұлғайту міндеті қойылды.
Салада оң динамика қалыптасты. Биылғы жылдың 10 айында салада 5,3%-ға өсім қамтамасыз етілді. Жәйрем және Ақтоғай ТКБК қуатын кеңейту, алтын шығару фабрикасы мен ферроқорытпа зауытын, машина жасау өндірістерін салу жөніндегі ірі жобаларды іске асыру есебінен негізгі капиталға салынған инвестициялардың 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.
Өндіріс көлемінің ең көп өсуі фармацевтикада 33,6%-ға, машина жасауда 19,5%-ға, құрылыс материалдары өндірісінде 9,3%-ға, химия өнеркәсібінде 6,5%-ға, азық-түлік өнімдері өндірісінде 3,6%-ға байқалды.
Биыл мұнай-газ химиясы саласында техникалық газ бен октан көтеретін қоспа шығаратын зауыттар пайдалануға берілді, сондай-ақ полипропилен өндіру зауыты (93%) аяқталу сатысында тұр.
Биыл Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылды, ол тауарлар өндірісін жергіліктендіруді және отандық өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді. 2021 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде тамақ өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында, машина жасауда, металлургияда және басқа да салаларда 12,7 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге 139 индустриялық жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде қазіргі уақытта 1 трлн теңгеге 83 жоба іске қосылды. Қалғандары биылғы желтоқсанда пайдалануға беріледі.
Толық қуатпен жұмыс істегенде бұл жобалардың өндіріс көлемі 1,1 трлн теңгені құрайды, өндірілген өнімнің үштен бірі экспортқа жіберіледі (350 млрд теңгеден астам).
Премьер-Министр биылғы 10 желтоқсанға дейін Үкіметке Индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасының 2025 жылға дейінгі өзектендірілген жобасын, 2022 жылғы 1 наурызға дейін өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, моноқалаларда іске асыру үшін "зәкірлік" индустриялық жобалар топтамасын әзірлеуді тапсырды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2022 жылғы 1 наурызға дейін кәсіпорындарда цифрлық шешімдерді енгізуді ынталандыру бойынша қажетті нормативтік құқықтық базаны қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және өңдейді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда 1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33%-ға өсуі мүмкін
1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өседі деп күтіп отырмыз. Бұл жылыту маусымынан уақтылы өту және газ инфрақұрылымын жаңарту үшін қажет. Сонымен қатар жеке тұлғалар үшін бағаның күрт өсуі жоспарда жоқ", - деді вице-министр.
Газ өндіру көлемінің төмендеуі тұрғындарды газбен қамтамасыз ету әсер еткен жоқ, өйткені ұлттық оператор QazaqGaz транзиттік ресурстар есебінен тұтынуды қамтамасыз етті", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 255 млн доллардан асты
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Америкалық компания Қазақстандағы газ өңдеу және газ химиясы жобаларына қызығушылық танытуда
Құрама Штаттар - Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі және еліміз өзара тиімді байланысты кеңейтуге мүдделі", деп атап өтті президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
83 млрд теңгеге жуық игерілмеген қаражат Ұлттық қорға қайтарылған жоқ - ВАП
Ұлттық қор қаражаты стратегиялық және ұлттық ауқымдағы міндеттердің орнына көшелерді, саябақтарды абаттандыруға, ауылдық клубтар мен көше жарығын салуға жұмсалды. Көптеген жобалар жобалық-сметалық құжаттамасыз және жер телімдері дайын болмай тұрып қаржыландыруға енгізілген. Соның салдарынан бюджет орындалу барысында құны 100 млрд теңгеден асатын 132 жоба алып тасталды немесе ауыстырылды", - деді Әлихан Смайылов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан бюджетінің кірісі 13,2%-ға өсіп, 1,8 трлн теңгеге жетті - Қаржы министрлігі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда көлемі 4,8 млрд АҚШ долларына жетті
Биылғы қаңтар-сәуір айларында екіжақты тауар айналымы $1,9 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 42,1%-ға артық", деп мәлім етті баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетпек
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.06.2026, 10:08Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетпек 16.06.2026, 09:44 80211ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті16.06.2026, 12:31 79016Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасады17.06.2026, 15:02 77791Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда көлемі 4,8 млрд АҚШ долларына жетті18.06.2026, 19:35 73556Алматыда МАГАТЭ-нің зерттеу реакторлары жөніндегі халықаралық конференциясы өтеді
22.05.2026, 20:31 251851Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237561Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207991ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 195066Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 195061Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

