05.08.2022, 16:02 21776

Ресей, Беларусь және Қазақстан темір жолдары Қытай бағытындағы контейнерлік тасымалдар көлемін арттыруға ниетті - ҚТЖ

Үш теміржол компаниясының басшылары Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы экспорт көлемінің артуын өткізу бойынша ұсыныстарды талқылады.
Ресей, Беларусь және Қазақстан темір жолдары Қытай бағытындағы контейнерлік тасымалдар көлемін арттыруға ниетті - ҚТЖ
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 5 ТАМЫЗ - "Ресей темір жолдары" ААҚ, "Беларусь темір жолы" МБ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшылары Қытай бағытындағы контейнерлік тасымалдар көлемін ұлғайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бейнебайланыс режимінде өткен кездесу барысында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы темір жолдарының басшылары Ресей және Беларусь жүк жөнелтушілерінің Қазақстан аумағы арқылы Қытай бағытындағы өтінімдері айтарлықтай өскенін атап өтті", - делінген ҚТЖ баспасөз хабарламасында.

 
Келіссөздер қатысушылары транзиттік тасымалдар көлемін қалпына келтіру үрдісін және "БКЛК ЕРҚ" АҚ сервистерінде барлық бағыттарда тасымалдауға өтінімдердің өсуін, бұған теміржол транзиттік сервистерінің негізгі параметрлерін – жеткізу мерзімдерінің жоғары жылдамдығы мен тұрақтылығын, клиенттер үшін экологиялылық пен қолайлылықты сақтау және одан әрі жетілдіру ықпал ететінін қанағаттанушылықпен атап көрсетті.
 

Үш теміржол компаниясының басшылары Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы экспорт көлемінің артуын өткізу бойынша ұсыныстарды, соның ішінде ұзындығы жоғары пойыздарды қалыптастыру және Қытай теміржолдарымен өзара іс-қимылда шекаралық өткелдердің жұмыс технологиясын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ Аягөз-Бақты теміржол желісін салу жобасын ілгерілетуге бірлесіп қатысу мәселелерін жеке талқылады", - деп хабарлады ұлттық компанияда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны