23.06.2009, 12:05 1461

Республикалық бюджетке дивидендтер түсімінің жоспары 2,7 есе асыра орындалды - ҚР Қаржы министрлігі

Республикалық бюджетке дивидендтер түсімінің жоспары 2,7 есе асыра орындалды - ҚР Қаржы министрлігі

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Республикалық бюджетке дивидендтер түсімінің жоспары 2,7 есе асыра орындалды. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының жалпы отырысында ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Дивидендтер түсімінің болжамы 2,7 есе асыра орындалды. Ұлыбритания заңнамасына сәйкес жасалған төлемдердің арқасында "Қазақмыс" және ENRC компанияларынан 3,5 млрд теңге көлемінде жоспардан тыс дивидендтер түсті. "Самұрық - Қазына" қорынан 1,7 есе артық дивиденд түсті. Қаржылық нәтижелердің жақсаруына байланысты "Қазатомөнеркәсіптен" 1,4 млрд теңге жоспардан тыс дивиденд түсті", - деді Б. Жәмішев.

Сонымен бірге, министрдің хабарлауынша, ""ҚазАгро", "Самғау" және "Самұрық - Қазына" АҚ мемлекеттік акциялар пакетін беруге байланысты "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар", "Қазақстанның ақпараттық агенттігі" ҰК мен "Қазақстан инжиниринг" ҰК-ынан алынады деп жоспарланған дивидендтер түспеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны