02.08.2017, 19:26 5761

СҚО әкiмi агроқұрылым басшыларын өз қызметкерлерiнiӊ тұрмыс жағдайын жақсартуды ойластыруға шақырды

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов кезектi жұмыс сапары аясында Ақжар және Уәлиханов аудандарында болды.

Петропавловск. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов кезектi жұмыс сапары аясында Ақжар және Уәлиханов аудандарында болды.

Бiрiншi кезекте өӊiр басшысы "Коцак" ШҚ-нiӊ егiстiк алқаптарын көру барысында Ақжар ауданыныӊ агроқұрылым басшыларымен кездестi.

Шаруа қожалығыныӊ басшысы Тамара Коцактiӊ айтуынша, кәсiпорында заманау техникалар мен себу кешендерi бар.

"Бүгiнгi күнi жәрдемқаржы алып отырмыз. Сол үшiн мемлекетке рахмет айтамыз. Бiзде жұмыс орны көп емес, еӊбекақы тұрақты. Екi адам ауысыммен тұқым себедi. Жаӊа үш комбайнымыз бар. Мал шаруашылығымен айналыса бастадық, 28 сиыр мен бұзау өсiрiп отырмыз, резервiмiзге байланысты мал басын көбейтпекпiз. Шаруашылықпен 1991 жылдан берi айналысып келемiз", - дейдi Тамара Коцак.

Осы сапарында Ақжарқын ауылында болып, ауылдық округтiӊ Мәдениет үйiнiӊ жөнделу барысымен танысты.

"Қазiргi уақытта 2-3 үйiрме жұмыс iстейдi. Ұлттық би, домбыра, хор үйiрмелерi. Ауылдағы шараларға тұрғындардыӊ 80 пайызы қатысады. Аудандық, облыстық жарыстарға қатысамыз", - дейдi Мәдениет үйiнiӊ директоры Сайлау Қойшыбай.

Жөндеу жұмысыныӊ барысымен танысқан СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мәдениет саласында өткiзiлетiн шаралардыӊ маӊыздылығын атап айтты. Өӊiр басшысы үстiмiздегi жылдыӊ күзiнде Мәдениет үйiне келiп, оныӊ репертуарымен танысуға уәде бердi.

Содан кейiн Құмар Ақсақалов фельдшерлiк-акушерлiк қосында болып, тұрғындарға көрсетiлетiн медициналық қызмет пен саламатты өмiр салтыныӊ алдын алу жағдайымен танысты.

"Бiзде асқазан жарасымен, артерия гипертензиясымен, темiр тапшылығы анемиясымен есепте тұратындар саны 85 адам. Олардыӊ бәрi тұрақты түрде тегiн көмек алады. Үш ай сайын тексерiледi және үш ай сайын тегiн препараттар алады. Профбайқау жыл сайын өткiзiледi. Үш жылда бiр рет бiзге акушер-гинеколог, терапевт келедi", - дейдi фельдшер Ирина Васильева.

Өӊiр басшысы Ақжарқын ауылындағы "Қазпошта" бөоiмшесiнiӊ жұмысымен де танысты.

Аудан орталығында облыс әкiмi 2017 жылдыӊ бiрiншi жартыжылдығында көркейту бойынша атқарылған жұмыстарды байқады. Өӊiр басшысына елдi мекеннiӊ сыртқы бейнесiн жақсарту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Аудандық Мәдениет үйiнде жергiлiктi активпен және тұрғындармен кеӊес өттi.

Ауданныӊ әкiмi Серiкбай Тұралинов жартыжылдықтағы әлеуметтiк-экономикалық даму жайында айтып бердi.

"Ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiнiӊ құрылымында 50 пайыздан астамын өсiмдiк шаруашылығы, одан аз бөлiгiн мал шаруашылығы иеленедi. Үстiмiздегi жылғы 6 айда ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiӊ жалпы көлемi 4 млрд. 336 млн. теӊгенi құрады, ал нақты өсiм көлемi 2016 жылмен салыстырғанда 105% болды. Ауыл шаруашылығыныӊ негiзгi капиталына салынатын инвестиция жыл сайын өсiп келедi", - дедi аудан әкiмi.

Кеӊесте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысыныӊ орынбасары Алтынбек Абдуллаев, индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысыныӊ орынбасары Жеӊiс Асанов және жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ринат Елжасов баяндама жасады.

Активпен кездесу қорытындысы бойынша облыс әкiмi ауыл шаруашылығын барынша дамыту және еӊбекақыны көбейту қажеттiгiн атап көрсеттi.

"Барлық аудан бойынша еӊбекақы сомасы 286 млн. теӊге. 142 млн. теӊге салық төленген, екеуiн қосқанда 420 млн. теӊге. Ал мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына 1 млрд. 285 млн. теӊге демеуқаржы берiлген. Алдыӊғыдан 3 есе көп. Мемлекет тарапынан осындай көмек көрсетiлiп жатқанда, оны пайдаланып, көп өнiм шығаруымыз керек", - дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ жұмыс сапары Уәлиханов ауданында жалғасты. Онда өӊiр басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен кездесiп, жұмысшылардыӊ еӊбекақысына қызығушылық бiлдiрдi.

Облыс әкiмi "Жодасбай-Агро" ЖШС-нiӊ егiстiк алқабында ауыл шаруашылығын әртараптандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыспен танысты.

"Биыл 8600 гектарға - бидай, 4000 гектарға - арпа, 3500 гектарға - зығыр, 1200 гектарға - жасымық, 2300 гектарға - күнбағыс, 835 гектарға - рапс , 200 гектарға - жүгерi септiк. 4000 гектарды парға қалдырдық. Биыл 500 тоннадай минералдық тыӊайтқыш сiӊiрдiк. Үстiмiздегi жылы 16 млн. теӊге көлемiнде демеуқаржы алдық. Фермерлiк шаруашылығымызда айлық орташа еӊбекақы 109 мыӊ теӊгенi құрайды. Бiр мыӊға тарта малымыз бар. Одан 356 бұзау алдық. Мал шаруашылығымен 2013 жылдан берi айналысамыз", - дейдi Сүйiндiк Жолдасбаев.

Жұмыс сапары соӊында облыс әкiмi Уәлиханов ауданыныӊ активiмен және жергiлiктi тұрғындармен кеӊес өткiздi. Аудан әкiмi Медет Оспанов әлеуметтiк-экономикалық даму жайын баяндады.

"Аудан экономикасыныӊ басты секторларыныӊ бiрi - ауыл шаруашылығы. Бiрiншi жартыжылдықта жалпы өнiм көлемi 3 млрд. 452 млн теӊгенi құрады, НИК - 107,8 пайыз. Майлы двқылдар алқабы өткен жылмен салыстырғанда 10 мыӊ гектарға көбейдi. Ауданда 14 ауыл шаруашылығы кооперативi жұмыс iстейдi, оныӊ 13-i - мал шаруашылығы, 1-уi - өсiмдiк щаруашылығы бойынша", - дедi Медет Оспанов.

Аудан әкiмi көркейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тiлге тиек еттi.

"Қазiргi уақытта дене тәрбиесi кешенiнiӊ құрылысы жүргiзiлiп жптыр. Тапсырылу мерзiмi жоспар бойынша - 1 желтоқсан. Биыл құрылыс бойынша №2 мектеп қалпына келтiрiледi. Қазiргi кезде конкурстық процедура жүргiлуде", - дедi Медет Оспанов.

Кеӊестiӊ соӊында Құмар Ақсақалов еӊбекақыны көтеру және тұрақты жұмыс орындарын ашу бойынша шаралар жасауды тапсырды.

"Мемлекет тарапынан мол қаржылық көмек көрсетiлiп жатыр. Жұмыс iстеӊiздер және адамдарды да, еӊбекақы туралы да ойлаӊыздар. Тиiстi дәрежеде еӊбекақы төлемейтiндердi жауапкершiлiкке тартуға шақырамын. Еӊбекақыны көтеру керек. Өзiӊнiӊ ғана емес, еӊбеккерлердiӊ де жақы тұрмыс жағдайын ойлау керек деп есептеймiн", - дедi Құмар Ақсақалов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны