08.02.2022, 17:09 10801

Смайылов Қазақстанның оңтүстік өңірлерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді

Смайылов алдағы вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Смайылов Қазақстанның оңтүстік өңірлерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді
Сурет: ҚР Премьер-Министрінің сайты
НҰР-СҰЛТАН. 8 АҚПАН - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов алдағы вегетациялық кезеңде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Биыл судың аз келуіне байланысты Қырғыз Республикасының аумағындағы Тоқтоғұл су қоймасына жиналған судың көлемі өткен жылғы деңгейге жетпейді. Қырғызстанның өзінің су-энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуі тиіс екенін ескере отырып, Қазақстан аумағына жіберілетін су көлемінің төмендеу қаупі бар", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

 
Премьер-Министр Экология, геология және табиғи ресурстар, сондай-ақ Энергетика министрліктеріне көктемгі-жазғы кезеңде еліміздің оңтүстік өңірлерінің суармалы жерлерін сумен қамтамасыз ету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды. 
 
Ә. Смайылов трансшекаралық өзендердің ресурстарын пайдалану бойынша өзара тиімді шешімдер қабылдау үшін Қырғызстанмен және Өзбекстанмен қарқынды келіссөздер жүргізу қажет екенін атап өтті. 
 
Ауыл шаруашылығы министрлігіне су үнемдеу технологияларын және аграрлық салада су ресурстарын тиімді пайдаланудың басқа да құралдарын енгізу аясындағы жұмысты күшейту тапсырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны