07.05.2010, 14:23 3772

Солтүстік Қазақстан облысында 50 мың гектардан астам жер шегіркеге қарсы өңделеді

Солтүстік Қазақстан облысында 50 мың гектардан астам жер шегіркеге қарсы өңделеді

Петропавловск. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында 50 мың гектардан астам жер шегіркеге қарсы өңделеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар жөніндегі әдістемелік орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалына сілтеме жасап.

Орталықтың хабарлауынша, биылғы жазда айтарлықтай аумақта зиянкестер мен аурулар таралады деп болжануда. Исіресе үйірлік емес (нестадный) шегіртке түрлерінің таралуына қатысты ахуал айрықша алаңдаушылық тудыруда. Оларға қарсы биыл 51 мың гектар аумақ өңделеді.

Шегірткемен күреске республикалық бюджеттен қаржы қарастырылмаған, сол себепті шаруалар өз қаражатының есебінен өңдейді.

"Облыста бюджет қаржысының есебінен 207 мың гектар аумақ, соның ішінде ауруларға қарсы 105 мың гектар, шегірткеден абсқа зиянкестерге қарсы 102 мың гектар аумақ өңделеді", - деді облыс әкімінің орынбасары А. Сапаров дихандармен өткен кеңесте.

"Қазір солтүстік өңірде улағыштармен қамтамасыз етілу деңгейі 85%, гербицидтермен қамтамасыз етілу деңгейі 56% құрайды", - деп хабарлайды орталықтағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны