09.09.2022, 15:15 22876

Тамыз айында Ұлттық қордың инвестициялық табысы минуста болды

Тамыздың қорытындысы бойынша Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 500 млн АҚШ долларына ұлғайып, 53,8 млрд АҚШ долларын құрады.
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Өткен айдың қорытындысы бойынша, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі теріс қалыптасып, (-)1 251 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Өткен айдың қорытындысы бойынша, облигациялар мен акциялар нарығының төмендеуі әлемнің жетекші орталық банктерінің ақша-кредит саясатын қатаңдатуды жалғастыруы аясында капиталдың ақша нарығы құралдарына жаһандық әкетілуіне байланысты болды. Бұл ретте Ұлттық қордың ұзақ мерзімді кірістілігі құрылған кезден бастап жылдық мәнде 3,05% болады", - деп түсіндірді Молдабекова.

 
Алдын ала деректерге сәйкес, тамыздың қорытындысы бойынша Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 500 млн АҚШ долларына ұлғайып, 53,8 млрд АҚШ долларын құрады.
 

Өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер түрінде 384 млрд теңге бөлінді. Трансферттердің негізгі бөлігі қорға шамамен 338 млрд теңгені құраған теңгедегі түсімдер есебінен, сондай-ақ Ұлттық қордың теңгелік шотындағы қалдық есебінен бөлінді. Осылайша, бұрын көрсетілгендей, өткен айда Ұлттық Банк Ұлттық қордың валюталық активтерін ішкі валюта нарығында сатқан жоқ. Бұл ретте қорға валюталық түсімдер тамызда 1,76 млрд АҚШ долларын құрады", - деп қосты сарапшы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны