29.08.2025, 16:58 100181

Тимур Сүлейменов: Қатаң ақша-кредит саясаты - мақсат емес, инфляцияны тежеу құралы

Жалпы ішкі өнімнің өсімі жылдық мәнде 6,3 пайызға дейін жеделдеді, деп хабарлайды Inform.kz.

- Экономикалық белсенділік артып келеді. Алдын ала деректер бойынша биыл қаңтар-шілде аралығында жалпы ішкі өнімнің өсімі жылдық мәнде 6,3 пайызға дейін жеделдеді. Оған шикізатқа жатпайтын салаларда инвестицияның ұлғаюы, тұрақты тұтыну және мұнай секторының қалпына келуі әсер етті, - деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, көлік пен қоймада сақтау саласында белсенділік артты. Ал құрылыс саласы өрге басты. Тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібінде және саудада да іскерлік белсенділік айтарлықтай өсіп келеді.

- Дегенмен, экономиканың өндірістік мүмкіндіктері ішкі сұраныстың өсуін қамтамасыз ете алмай отыр. Инфляциялық қысым күшейіп, cұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтық сақталуда, - деді ол.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны