17.09.2021, 21:55 13363

Тоқаев ШЫҰ елдерін Астана халықаралық қаржы орталығының әлеуетін белсенді пайдалануға шақырды

Қазақстан осы Орталық аясында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың түрлі форматын ұсынады
ДУШАНБЕ. 17 ҚЫРКҮЙЕК - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуетін белсенді пайдалануға шақырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Коронавирус кезеңінен кейінгі қалпына келтіру үдерісі ШЫҰ кеңістігінде сауда-экономикалық ықпалдастық саласындағы ахуалды қайта електен өткізуге мүмкіндік береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.

 
Мемлекет басшысы қор нарығы мен қаржы технологиясын дамыту жөніндегі ықпалдастықты маңызды әрі перспективті бағыт ретінде атады.
 

ШЫҰ-дағы серіктестерді Астана халықаралық қаржы орталығының әлеуетін белсенді пайдалануға шақырамыз. Бүгінде бұл орталық серпінді қаржы алаңы болып табылады. Ол әлемдік қаржы институттары мен жаңа құралдардың үздік тәжірибелерін үйлесімді үйлестіреді. Қазақстан осы Орталық аясында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың түрлі форматын ұсынады", - деп мәлімдеді Президент.

 
Оның айтуынша, пандемиядан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде ШЫҰ елдері макроүрдістерді талдап, қауіптерді бағалау керек және осының негізінде жүйелі шешімдер қабылдау қажет.
 

Ұйым Хатшылығына ШЫҰ-ға қарасты Экономикалық талдау орталықтарының консорциумымен бірлесіп, тиісті жұмыстарды жүргізуге және келесі Саммитке дейін ой-тұжырымдарын ортаға салуға тапсырма беруді ұсынамын", - деді Тоқаев.

 
Президент келісілген бірлескен экономикалық жобаларды тезірек жүзеге асырудың бірыңғай қаржылық тетіктерін тезірек іске қосуды қамтамасыз ету маңызды деп санайды.
 

Өкінішке қарай, оның "тұралап қалуы" Ұйымға мүше елдердің іскерлік орталардағы беделіне айтарлықтай нұқсан келтіреді", – деді Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны