11.09.2025, 11:10 113666

ҚТЖ-да астық тасымалдау талқыланды

ҚТЖ-да астық тасымалдау талқыланды
Сурет: railways.kz

ҚТЖ" ҰК" АҚ-да астық тасымалдаушылар операторларының, экспедиторлардың, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, "Атамекен" ҰКП, Ақтау және Құрық порттарының, сондай-ақ астық терминалдары өкілдерінің қатысуымен биылғы егіннің астығын тасымалдау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.


Маркетингтік кезең шеңберінде (2024 жылғы қыркүйек - 2025 жылғы тамыз) астық тасымалдау көлемі 13,3 млн тоннаны құрады, оның 10,2 млн тоннасы экспортқа бағытталды. Маркетингтік кезеңде астық жүктерінің 1 670 бағыты қалыптастырылып, жөнелтілді, экспорттық маршруттар Қытайға, Ақтау порты арқылы және Орталық Азия елдеріне бағытталды.

 Астықты тасымалдау үшін 13,8 мыңға жуық астық тасымалдаушы (өткен жылмен салыстырғанда 20% артық), 16,5 мың жабық вагон бар, сондай-ақ ТМД елдері операторларының 2 мыңнан астам вагоны қосымша тартылды.

ҚТЖ негізгі: Достық - Мойынты, Бейнеу - Ақтау, Жетіген - Алтынкөл, Семей - Павлодар және т.б. бағыттарды жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда. Жобаларды іске асыру желінің өткізу қабілетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

ҚТЖ-да тасымалдауды үйлестіру жөніндегі астық штабы жұмыс істейді, ал жол бөлімшелерінде астық топтары жұмыс атқаруда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны