04.07.2006, 15:51 2737

Үкімет басшысы зейнетақы қорларының кірісін арттыру мүмкіндіктерін 2006-жылдың 1-қыркүйегіне дейін анықтауды тапсырды

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Дагниал Ахметов зейнетақы қорларының кірісін арттыру мүмкіндіктерін 2006-жылдың 1-қыркүйегіне дейін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Зейнетақы қорларының кірісі қазір кері таңбалы болып отыр. Осыған байланысты мен олардың кірісін арттыру мүмкіндіктерінің сценарийін 2006-жылдың 1-қыркүйегіне дейін анықтауды тапсырамын”,- деді Д.Ахметов үкіметтің отырысында сөйлеген сөзінде. Үкімет басшысының пікірінше, “әрбір жылдағы жағдайға сәйкестендірілген бірнеше сценарий болуға тиіс. Зейнетақы жинақтаушы қорлардың кірісіне қатысты проблемаға асқан абайлықпен әрі байыпты қарау керек”.

Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова “зейнетақы қорларының кірісін ұлғайту үшін мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілік деңгейін инфляцияның деңгейіне жеткізу, сондай-ақ, зейнетақы қорлары қатыса алатын, мемлекет кепілдік берген жобалардың тізімін кеңейту қажет” , деген пікір білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны