07.05.2008, 11:16 1258

Илемдік азық-түлік дағдарысына жол бермеуге болар еді -БҰҰ

Илемдік азық-түлік дағдарысына жол бермеуге болар еді -БҰҰ

Алматы. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Илемдік азық-түлік дағдарысы ауыл шаруашылыққа қажетті көлемде инвестиция берілмегендіктен және биоотын өндірісі үшін табиғи ресурстарды пайдаланғандықтан туындаған. Бұл туралы 6 мамырда Нью-Иоркте өткен баспасөз мәслихатында БҰҰ сарапшылары құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі (DESA) департаментінің сарапшысы Кэтлин Абдалланың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын қолдап оған салынған инвестиция көлемі көп жылдан бері жеткізіліксіз болып отырды. Ауыл шаруашылық өндірісінің ұлғаюы ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыра алмады.

Су және табиғи ресурстар жөніндегі DESA бөлімінің жетекшісі Аслам Чодри журналистерге хабарлағанындай, биоотын шығару үшін ауыл шаруашылық дақылдарын пайдалану үрдісі азық-түлік бағасының өсуіне ықпалын тигізді.

"Бағалар жер және су ресурстарына тәуелді екені белгілі, яғни біз ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру үшін құны жоқ табиғи ресурстарды пайдаланып отырмыз. Дамушы елдердің кедей елдімекендері бидай өсіре тұра аштық көруде", - деді А. Чодри.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны