05.07.2006, 16:20 2941

Ұлыбритания Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалайды – Йорк герцогы

АЛМАТЫ. 5-шілде. Kazakhstan Today. Ұлыбритания Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалайды. Бұл туралы инвестициялар және сауда мәселесі бойынша Ұлыбританияның арнаулы өкілі, Йорк герцогы Эндрю Альберт Кристиан Эдвард ( Эндрю ханзада) бүгін “Қазақстанның болашағына инвестициялар” атты халықаралық конференцияда құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Қазақстан өзінің жоғары деңгейде ашықтығын және басқа елдердің тәжірибесін зерттеуге дайын екендігін дүниежүзіне паш етті. Бұл елдің ұлтаралық және діни тұрақтылықты сақтай алғаны аса маңызды. Қазақстанның қаржылық көрсеткіштері жаман емес екенін біз көріп отырмыз. Илемдік нарықтағы қазіргі күрделі ахуалда елдің бәсекелестік қабілетін қолдауға ресурстар бөлінуде”,- деді Йорк герцогы.

“Қазақстан тек мұнайгаз саласында ғана емес, сонымен бірге, мұнай өндіру, өңдеу, туризм және жоғары технологиялық салаларды дамытуға қажетті де тәжірибе мен әлеуетті жинақтаған. Мұнайгаз саласындағы іс-қызметімізбен қоса біз балама қуат көздерімен жұмыстарға да қызығушылық білдіреміз”,- деді ол. Сонымен бірге герцог Қазақстандағы шикізат өндіру саласы кәсіпорындарының ашықтығы жөніндегі бастаманы жоғары бағалады.

Сонымен бірге Эндрю ханзада республикадағы қолайлы инвестициялық ахуалға кәсіби біліктілігі жоғары жұмыс күші де бір маңызды шарт болып табылатынын атап өтті. “Англияның ірі инвесторлары қазақстандық жоғары оқу орындарымен жақын байланыста жұмыс істеп, гранттар бөлуде”,- деді ханзада. “Оралда жас кәсіпкерлермен кездескеніме қуаныштымын әрі бұл жүздесу қызықты болды”,- деді Эндрю ханзада.

“Қазақстанмен жұмыс істеп жүргендердің барлығы да бұл елдің тәуелсіздікке ие болғаннан бері ақымды жетістіктерге жеткенін, адамдардың оқуға, елін гүлдендіруге деген құштарлығы мен құлшынысын еректе атайды”,- деді герцог. Оның болжауынша, “алдағы бірнеше он жылда Қазақстанның алдында ұлығаусар мүмкіндіктер ашылады. Республика адами капитал мен адамдарды дамытуға ауқымды мүмкіндіктерге ие болып отыр”.

“Илемдік нарықта табысты бәсекелесе алу үшін елде экономиканың болашақ дамуын қамтамасыз ете алатын шағын және орта кәсіпорындар желісін дамыту керек”,- деді ол. “Біз Қазақстан нарығына шығуға ниет білдірген еліміздің компанияларын ынталандырып отырамыз”,- деді герцог.

ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің пікірінше, былтырғы жыл қортындысы бойынша Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 40 процентке артып, 800 млн. долларға жетті.



МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны