16.03.2020, 18:03 10608

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақ-жауаптар

Төртінші кезең, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған санаттағы азаматтар үшін декларациялау енгізіледі.

Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақ-жауаптар

СҰРАҚ: Жалпыға бірдей декларациялау қашан енгізіледі?

ЖАУАП: Ұйымдастырушылық және техникалық сипаттағы бірқатар шешілмеген мәселелердің болуына байланысты 2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен көшу туралы шешім қабылданды.

2021 жылғы 1 қаңтардан басталатын бірінші кезеңде мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары үшін декларациялау белгіленді, өйткені бұл санаттағы азаматтар неғұрлым дайындалған санат болып табылады (олардың 99,7% салық есептілігін электронды түрде ұсынады).

Екінші кезеңде, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың жұмыскерлері және олардың жұбайлары декларациялауды бастайды.

Үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың башылары, құрылтайшылары мен жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізіледі.

Төртінші кезең, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған санаттағы азаматтар үшін декларациялау енгізіледі.

Декларанттардың жалпы саны шамамен 13 миллион адамды құрайды.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны келесі тұлғалар тапсырады:

1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мынадай адамдардың бірі:

Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;

оралман;

тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті;

2) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам (ҚР аумағында меншік құқығында мүлкі, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі болған жағдайда);

3) кәмелетке толмаған адам болып табылатын жеке тұлға (ҚР аумағында немесе шегінен тыс жерде меншік құқығында мүлкі, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, банк салымдары бойынша - 1882 АЕК шамамен 5 млн), дебиторлық не кредиторлық берешек 5880 АЕК шамамен 15,6 млн болған жағдайда).

СҰРАҚ: Жалпыға бірдей декларациялауды енгізгенде, жеке тұлғалар қандай декларация тапсырады және қандай мүлік декларациялауға жатады?

ЖАУАП: Қолданыстағы Салық кодексінде жеке тұлғалар үшін жалпыға бірдей декларация шеңберінде декларацияның мынадай түрлерін:

- активтер мен міндеттемелер туралы "кіріс" декларацияны, "жыл сайынғы" бір рет және екі түрде тапсырады:

- салық агентінен кіріс алған кезде ғана табыс етілетін кіріс пен мүлік туралы қысқаша декларация;

- активтердің қозғалысы және салық агенттері болып табылмайтын адамдардан кіріс алу кезінде табыс етілетін кіріс пен мүлік туралы егжей-тегжейлі декларация ұсынылатын активтер мен міндеттемелер туралы "кіріс" декларациясын ұсыну бойынша міндеттемелер белгіленген.

СҰРАҚ: Жеке тұлғалар активтер мен мүлік туралы декларацияны қайда тапсырады? Сервис, портал?

ЖАУАП: Халықты жалпыға бірдей декларациялауға дайындау шеңберінде Қарағанды облысы Осакаров ауданының 3 ауылдық округінде пилоттық шара өткізілді, оның нәтижелері ауылдық жерлерде халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігін көрсетті (респонденттердің 80%-дан астамы декларацияны өз бетінше толтыра алмады).

Сонымен қатар, 2019 жылдың наурыз айында аумақтық департаменттердің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері арасында 250.00 нысаны бойынша "кіріс" декларациясын электронды түрде тапсыру пилоты өткізілді, онда 8 мыңға жуық декларация тапсырылды.

Сонымен қатар, бүгінгі күні түсіндіру және тестілеу аясында жеке тұлғалар E-gov порталы арқылы 53 мыңнан астам декларация тапсырды.

СҰРАҚ: Кәмелетке толмаған адам үшін декларация кім береді?

ЖАУАП: Кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адамның салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды өкілі орындайды.

Декларацияда заңды өкіл ұсынған адамның (кәмелетке толмаған адамның) ЖСН-ін көрсетуге арналған жол көзделген.

СҰРАҚ: Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке табыс салығын қайтару қандай жағдайларда және қалай көзделген?

ЖАУАП: Жұмыс беруші жеке тұлғаның құқығы бар барлық салық шегерімдерін қолданбаған жағдайда, жеке табыс салығының асып кетуін есепке алу және (немесе) қайтару рәсімі көзделген. Ол үшін жеке тұлға табыс пен мүлік туралы декларацияда осы талапты көрсету қажет.

Жеке кәсіпкерлер мен төлем көзінен салық салынбайтын кірісті алатын басқа тұлғалар үшін жеке табыс салығы бойынша табыстың асып кетуі талап етілмейді, өйткені жеке табыс мөлшері кіріс пен мүлік туралы декларацияны рәсімдеу кезінде есептеледі.

СҰРАҚ: Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қандай да бір құжаттарды тіркеу қажет пе?

ЖАУАП: Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны толтыру ережелерінде ешқандай құжаттар қарастырылмаған.

СҰРАҚ: Декларация тапсыру мерзімі басталған кезде шетелде болатын ҚР азаматтары есепті қалай тапсырады? Мысалы, "Болашақ" мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға немесе ұзақ мерзімді іссапарда болған уақытта.

ЖАУАП: Салық есептілігі тиісті салық органдарына ұсынылады:

1) нақты тәртіпте - қағаз жүзінде, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы;

2) хабарламамен бірге тіркелген почта арқылы - қағаз жүзінде;

3) ақпаратты компьютерлік өңдеуді қамтамасыз ететін электрондық түрде.

Сонымен қатар, ол салық міндеттемесін тиісті сенімхатпен уәкілетті өкіл арқылы орындауды қарастырады.

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны