02.05.2012, 15:11 4165

"Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" темір жол тораптарының құрылысы басталады

Қарағанды облысының әкімі Ибілғазы Құсайынов "Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" темір жол тораптарының құрылысы биыл маусым айында басталатынын мәлімдеді.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - "Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" темір жол тораптарының құрылысы басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Ибілғазы Құсайынов "Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" темір жол тораптарының құрылысы биыл маусым айында басталатынын мәлімдеді.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы шеңберінде биылғы жылдың маусым айында құрылысы басталғалы отырған "Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" темір жол тораптарының маңызы зор болмақ. Темір жол инфрақұрылымы радусит, темір кеніштерін игеруді, Шұбаркөл кен орнының көмір өндірісін әрі қарай дамытуды қамтамасыз етеді, ал Жезқазған тарнзитті аймаққа айналады", - деп И.Құсайынов Көлік және коммуникация министрлігі мен облыс әкімдігі арасындағы меморандумға қол қойғаннан кейін атап көрсетті.

Икім Қызылорда - Жезқазған және Жезқазған - Арқалық тас жолдарының учаскелерінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

"Бұл көлік жолдарын Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде жөндеуден өткізу жоспарланған. Биылғы жылы Қарағанды облысы бойынша республикалық тұрғыдағы 88,1 км жол мен жергілікті желі бойынша 224 км жер күрделі және орта жөндеу жұмыстарымен қамтылмақ", - дейді И.Құсайынов.

Сонымен қатар, көліктердің көбеюіне байланысты Астана - Қарағанды жолындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр.

Икім бұл жолды қалпына келтіріп, үлкен жүк көліктеріне арнап қосымша екі жолақ салумен бірінші техникалық санатқа көшіру қажеттігін айтады.

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев және облыс әкімі И.Құсайынов көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша халыққа қызмет көрсететін арнайы орталық құруда өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 280 млн теңге бөлінген. Жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығы 2012 жылы қараша айында ашу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны